Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сыбайлас жемқорлық оқиғалары 10 пайызға азайды - АРҚА АЖАРЫ

Сыбайлас жемқорлық оқиғалары 10 пайызға азайды

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаевтың төрағалығымен «Antikor» орталығында департаменттің былтырғы жылы атқарған жұмыс қорытындылары туралы брифинг өтті.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себеп-салдарларын жою мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аумақтық департамент жүйелі түрде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жасап, мониторинг жүргізіп келеді. Өткен жылы өңіріміздегі он ұйымға сыртқы талдау жұмыстары жүргізілді. Нормативтік-құқықтық актілер мен ұйымның ұйымдастыру-басқару жұмыстары бойынша 30 ұсыныс енгізілді. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себеп-салдарларын жою мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аумақтық департамент жүйелі түрде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жасап, мониторинг жүргізіп келеді. Өткен жылы өңіріміздегі он ұйымға сыртқы талдау жұмыстары жүргізілді. Нормативтік-құқықтық актілер мен ұйымның ұйымдастыру-басқару жұмыстары бойынша 30 ұсыныс енгізілді. Брифингте департамент басшысы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен және облыс әкімдігінің қолдауымен «Сервистік әкімдік» жобасының ойдағыдай іске асырылып келе жатқанын айтты. Бұл жобада мемлекеттік қызмет алуға келген азаматтарды кедергісіз және жедел қабылдап, оларға қажетті кеңес беру көзделген. Бүгінгі күні «Сервистік әкімдік» облыстың 17 ауданы мен 2 қаласында, сондай-ақ, облыс орталығына іргелес Краснояр селосында жұмыс істеп тұр. Өңірдің мемлекеттік мекемелері мен ұйымдарында Open space және фронт-офис форматында жұмыс істейтін 97 кабинет ашылды. Атап айтсақ, мұндай форматқа туризм басқармасы, волонтерлік орталық, сот жүйесі, құқық қорғау органдары көшті. Өткен жылдың қараша айында қорғаныс істері департаментінде сервис орталығы, желтоқсан айында қылмыстық атқару жүйесі департаментінде фронт-кеңсе ашылды. Олар ашықтық пен айқындық қағидаттарын толығымен қамтамасыз етіп отыр. Қазіргі уақытта мемлекеттік органдар мен ұйымдардың 730-дан астам басшыларының жұмыс кабинеттері бірінші қабатқа көшірілді.Департамент автомобиль жолдарын салу, жөндеу және күтіп баптау сапасын бақылауды қарастыратын «Сапалы жол – адалдық алаңы» және жолаушылар мен жүкті теміржол көлігімен тасымалдау саласында тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған «Адал жол» жобаларын іске асырып келеді. Аталған жобалар аясында үнемі бұқарамен мониторингтер жүргізіліп, заң бұзушылықтар анықталып, оларды жою бойынша ұсыныстар енгізіледі. Мәселен, жұмыс тобы өткен жылы Көкшетау, Степногорск қалаларында және аудандарда 28 кездесу өткізіп, республикалық және жергілікті маңызы бар автожолдардың құрылысы мен жөндеу жұмыстарына сараптама жасады. Нәтижесінде 76 заң бұзушылық анықталды, олардың жойылуын жұмыс тобы өз бақылауына алды. «Адал жол» жобасы шеңберінде былтыр 15 рейд жүргізіліп, жол жүру билеті жоқ 29 жолаушы және 21 рәсімделмеген багаж анықталып, 12 адам жауапқа тартылды. –Мемлекет басшысы мемлекет құрылымының қандай да бір кәсіпкерлікке заңсыз араласуы мемлекетке қарсы жасалған ауыр қылмыс ретінде қабылдануы тиіс деп айтты. Осы орайда облыста «Protecting Business and Investments» бизнес пен инфестицияны қорғау жобасы жұмыс істейді. Қазіргі уақытта департамент жалпы инвестиция сомасы 690 миллиард теңгеден асатын 67 бизнес жоба бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын жүргізуде. Осы жобалардың 11 процентіне шетел инвесторлары қатысуда. «Protecting Business and Investments» жобасы іске асырылғалы бері 19 кәсіпкер мен инвестордың құқықтары қорғалып, қалпына келтірілді, – деді департамент басшысы. Бұдан бөлек, облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі шағын және орта бизнеске заңсыз араласудың бірқатар деректерінің алдын алып, қылмыстық-құқықтық шаралар қолданылды. Жоба іске асырылғалы 43 өтініш түсті. Оның 20-сы кәсіпкерлердің пайдасына шешілсе, қалғанына түсініктеме берілді.Мемлекеттік бюджеттің мақсатты және тиімді пайдаланылуын бақылау үшін департамент сатып алудың бірыңғай терезесі арқылы мемлекеттік сатып алуларға мониторинг жүргізеді. Соның арқасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мемлекеттік сатып алуды жоспарлау кезеңінде анықталып, бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді. Мәселен, енгізілген ұсыныстардан кейін мемлекеттік органдар сатып алуға жоспарлаған тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге қойылған жоғары бағаны төмендету жолымен шамамен 550  миллион теңге үнемделді. Сөз соңында Мұрат Төлеубаев алдын алу шараларының арқасында 2019 жылмен салыстырғанда былтыр сыбайлас жемқорлық деректері 10 пайызға төмендегенін айтты. Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,«Арқа ажарының» өз тілшісі. Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар