«Білім туралы» заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 8 қаңтарда қол қоюымен білім беру мәселелері жөніндегі заңнамаға өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Облыс оқушылары, ата-аналары мен педагогтары үшін балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын енгізу сияқты норманы қабылдау өте маңызды деп санаймын.

Бұл мектеп оқушыларын қосымша біліммен қамтуды кеңейтуге, сол арқылы балалардың бос уақытын өткізу мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Мемлекеттік тапсырыс мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде бюджеттік, сондай-ақ, жеке меншік ұйымдарда орналастырылатын болады, бұл дағдарыс жағдайында бизнестің тыныс-тіршілігі үшін маңызды.
Заңмен еліміздегі балабақшаларда, мектептерде, колледждерде мемлекеттік аттестаттау нормасы қабылданды. Әрине, барлық деңгейдегі білім беру процесінің жай-күйі туралы мәселе бәрін алаңдатады. Бірнеше жыл бойы оқу орындарының қызметін сыртқы бақылауға мораторий қолданылды. Бұл көп жағдайда оқыту мазмұнын жаңартуға көшуге байланысты болды. Бірақ, қалыптасқан жағдай сыртқы мониторингті, білім беру ұйымдарының стандарттарды орындауын бақылауды енгізу қажеттігін көрсетіп отыр. Өткен жылдардағы және қазіргі кездегі мемлекеттік аттес-
таттау олардың көзқарасы бойынша айтарлықтай ерекшеленеді. Уәкілетті органдар «қуғын-сүргін» шараларынан алшақтайды. Аттестаттаудың негізгі міндеттері оқу орнының проблемаларын анықтау, қателерді жою бойынша практикалық көмек көрсету болады. Аттестаттау шеңберінде мектеп, колледж оқушыларының білімі тестілеу арқылы қаралады. Ақмола облысының тәрбиешілері, мұғалімдері, оқу орындарының әкімшілері «Білім туралы» ҚР Заңындағы осы өзгерістерге түсіністікпен қарайды деп ойлаймын.
Заңмен апробацияланған бағдарламаларды, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді енгізу тетіктері бекітілгенін атап өткім келеді, бұл мұғалімдер мен оқушылар тарапынан шағымдар мен олардың санын айтарлықтай қысқартады. Біздің заманымыздың шындығы заңда қашықтықтан оқытуды реттейтін нормалардың пайда болуына әкелді. Оқытудың осы нысаны бойынша талаптар мен рәсімдер белгіленді.
Заңдағы осы және басқа да өзгерістер барлық оқу орындарында оқыту сапасын жақсартуға ықпал ететіні сөзсіз.
Серік АЛТАЕВ,
Ақмола облысының
білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар