Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жоғары оқу орындарының өз дипломдары беріледі - АРҚА АЖАРЫ

Жоғары оқу орындарының өз дипломдары беріледі

Енді жоғары оқу орындарында оқу жетістіктерін сырттай бағалау процедурасы жүргізілмейді. Жоғары оқу орындарына академиялық еркіндік берілген. Әр ЖОО оқу бағдарламаларын өз бетінше әзірлейді. 2021 жылдан бастап ЖОО-ларда жеке үлгідегі диплом беру нормасы күшіне енеді. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

Білім алғанын растайтын өзіндік үлгідегі құжаттардың мазмұнына, оларды есепке алу және беру тәртібіне қойылатын талаптар да заң негізінде айқындалды.
2021 жылдан бастап әрбір жоғары оқу орны білім алған азаматтарға жеке үлгісі бойынша диплом беретін болады. Яғни, енді әр жоғары оқу орнында берілетін дипломдардың барлығы біркелкі болмайды. Әр оқу орны жеке брендке айналып, студенттер оқу орындарын білім беру сапасына қарай таңдайтын болады.
–Бұдан былай мемлекеттік үлгідегі дипломдар берілмейді. Сондықтан, заңсыз немесе жалған құжат айналымына жол бермеу мақсатында тиісті шаралар қабылданды. Мәселен, білім берілгенін растайтын құжатты есепке алу және сериялық нөмірлері бойынша бір жүйеге келтіру үшін дипломдардың мазмұнына қатысты бірыңғай минималды талаптар қарастырылған. Білім және ғылым министрлігінің ақпараттық жүйесінде берілген дипломдардың депозитариі, реквизиттері болады, сондай-ақ, Болон процесінің талаптарына сай Diploma Supllement беру қарастырылады, – деді министр Асхат Аймағамбетов.
Мемлекеттік грант арқылы оқуға түскен студенттердің грантты жұмыспен өтеу шарттары жеңілдетілді. Енді түлектер тек мемлекеттік мекемелерде ғана емес, жекеменшік ұйымдарда да жұмыс істеп, гранттарын өтей алады. Басты шарт – дайындық бағыты, яғни, мамандығы бойынша жұмыс істеуі тиіс. Бұл мәселені түлектер жиі көтеретін.
Жаңа норма түрлі ұйымдардағы кадр мәселесін шешуге де септігін тигізбекші. Сондай-ақ, түлектердің жұмыспен қамтылу мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашылады. Мысалы, студент ауылдық квота арқылы фармацевтика бағыты бойынша оқуын аяқтады делік. Кейін ол ауылға барып, өз мамандығы бойынша мемлекеттік ұйымда жұмыс істеуге міндетті болатын. Ал, ауылда мемлекеттік дәріхана жоқ болса ше? Бұл жерде түлектің қиын жағдайға тап болатыны анық.
Сондықтан, бұл мәселе де шешімін табады. Қазір мемлекеттік-жекеменшік әріптестік дамып келеді және мемлекеттік тапсырыс жекеменшік балабақшаларда, мектептер мен ауруханаларда орналастырылып жатыр. Ендігі кезекте грантпен оқыған түлек өз дайындық бағыты бойынша жекеменшік ұйымдарда еш кедергісіз жұмыс істей алады.
Айтпақшы, кейбір грант иегерлері мемлекет шығынын жұмыспен өтеу рәсімін айналып өтудің амалын тапқан. Олар грант арқылы 3-курсқа дейін тегін оқып, үш жыл бойы стипендия алады. Содан кейін мемлекеттік грантты жұмыспен өтемеу үшін 4-курста ақылы бөлімге ауысатын. Осыған байланысты грант иегерін оқытуға мемлекет жұмсаған шығындарды өтеу бойынша жаңа норма енгізілді. Мәселен, студент грантта екі жыл оқып, кейін ақылы бөлімге ауысса, бұл жағдайда студент қанша жыл грантта оқыса, сонша жыл грантты жұмыспен өтеуге міндетті болады. Дәл осы норма ақылы бөлімнен грантқа ауысқан студенттерге де қатысты болады.
Енді қарамағында колледждері бар жоғары оқу орындары да техникалық және кәсіптік білім беру бағыты бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру рәсіміне қатыса алады. Бұған дейін оларда мемлекеттік тапсырыс алу құқығы болмаған еді. Біз бұл мәселені де шештік. Енгізілген түзету жоғары оқу орындарының үздіксіз оқытуды қамтамасыз ету мүмкіндіктерін кеңейтеді.
–Бұл түзетулердің барлығы заңнаманы жетілдіруге, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім сапасын арттыруға бағытталған, – деп мәлімдеді министр Асхат Аймағамбетов.

Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар