Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қатаң бақылау мен сақтық керек - АРҚА АЖАРЫ

Қатаң бақылау мен сақтық керек

Облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте өңірде коронавирус инфекциясының таралуы және оған қарсы жүргізіліп жатқан күрес шаралары туралы мәселе қаралды.

Жиында облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы баяндады. Оның айтуынша, облыста коронавирус инфекциясын жұқтырғандар бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты емес, облыс екі апта бойы «қызыл аймақтан» шыға алмай тұр.
– Пандемия басталғаннан бері облыста COVID-19 зертханада расталған 8853 жағдай тіркелді. 100 мың тұрғынға шаққанда көрсеткіш 1201,3 болып отыр, оның 5384-і белгілері бар, 3469-ы белгісі жоқ вирус тасымалдаушылар, – деді Айнагүл Мусина. – Жұқпалы аурулар стационарларында 643 науқасқа медициналық көмек көрсетілуде. Бүгінгі күні бұл станционарлардың 53 пайызында науқастар емделіп жатыр. Науқастармен байланыста болған 3739 адам үй карантиніне алынған. Індеттен барлығы 97 адам қайтыс болған.
Сонымен қатар, өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері індеттің таралуы Көкшетау қаласында көп тіркеліп отырғандығын атап өтті. Нақтырақ алсақ, Көкшетау қаласында – 3970, Степногорск қаласында – 1024, Бурабай ауданында – 644, Сандықтау ауданында – 458, Зеренді ауданында – 447 жағдай анықталып отыр.
Қаңтар айынан бастап коронавирустың зертханада расталған 1606 жағдайы тіркелді. Ал, соңғы аптада 768 жағдай тіркелді немесе алдыңғы аптамен салыстырғанда көрсеткіш 1,8 есе өскені байқалады.
Осы ретте, ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап елімізде халықтың белгілі бір топтарына коронавирус инфекциясына қарсы екпе салу жоспарлануда. Бірінші кезеңде жұқпалы аурулар ауруханаларының, жедел медициналық жәрдемнің, жан сақтау, бастапқы медициналық санитарлық көмек бөлімшелерінің, аурухананың қабылдау бөлмелерінің, санитарлық — эпидемиологиялық қызметтің медицина қызметкерлерінен құралған 6 916 адамға екпе салынатын болады. Наурыздан бастап екінші кезең басталады. Бұдан соң жалпы білім беретін мектептер мен университеттердің мұғалімдері мен оқытушыларына, ведомстволық медициналық қызметтердің қызметкерлеріне (барлығы
62 611 адам) екпе салынады.
– Жалпы, 2021 жылдың соңына дейін кезең-кезеңмен Ақмола облысының 92 840 тұрғыны екпе алады, – деді Айнагүл Мусина.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нариман Сыздықовтың айтуынша, бүгінгі күні облыста коронавирус жұқтырған 46 науқас ауыр халде жатыр. Індеттің былтырғы жылдағыдай көктем мерзімінде өрши түсетіні белгілі. Сол себепті, облыста алдын ала дайындық жұмыстары жүргізілуде. Дәрі-дәрмек пен медициналық препараттардың екі айлық қоры жасалып жатыр.
Сонымен қатар, өңірде коронавирус инфекциясымен күресуде дәрігер мамандар тапшы болып отырғандығы байқалуда. Осы ретте, жергілікті жерлерде дәрігерлерлер мен медицина қызметкерлерін баспанамен қамтамасыз ету мәселесі біртіндеп шешіліп келеді. Жиынды қорытындылаған облыс әкімі Ермек Маржықпаев тиісті сала басшылары мен аудан және қала әкімдеріне коронавирус инфекциясымен күресті күшейтуге және өңірлерде санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстауды тапсырды.
Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар