Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Саланы қолдауға 32,3 миллиард теңге қарастырылды - АРҚА АЖАРЫ

Саланы қолдауға 32,3 миллиард теңге қарастырылды

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Димаш Таласбаев 2020 жылғы агроөнеркәсіп кешені дамуының қорытындысы және алда тұрған міндеттер жөнінде баяндады.

Ауыл шаруашылығы өңір экономикасының серпінді дамып келе жатқан секторы болып табылады. Мәселен, өткен жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығында 12,8 пайыз нақты өсім қамтамасыз етілген екен. Бұл соңғы 10 жыл ішіндегі саланың жоғары көрсеткіші болып табылады. Агроөнеркәсіп кешені ауқымды азық-түлік тағамдары тізіліміндегі қиын жағдайда облыста инфляцияны ұстап тұрудың шешуші факторы бола алды. Басқарма басшысы өз сөзінде егіс науқаны кезіндегі қатаң карантинге, ауа райының қолайсыздығына қарамастан, 5,2 миллион тонна астық жиналғанын, орташа гектар берекесі 11,8 центнерден айналғанын айтты.
– Бұл республика бойынша жиналған астықтың төрттен бірі. Астықтың 90 па-йызы үшінші класқа жатады. Сандықтау ауданындағы «Каменка и Д», «Свободное», Аршалы ауданындағы «Белоярка» серіктестігі мол астық жинап алды. Салаға 53 миллиард теңге инвестиция тартылды. Оның бәрі жекеменшік инвестициясы. Облыс бойынша 40 жоба жүзеге асырылды. «Гормолзавод» серіктестігі ірі сүт өңдеу зауытын жаңғыртты. Аршалы ауданында орналасқан «ММК Аян» серіктестігі аралас азық зауытын салды. Біржан сал ауданында 4,5 мың бас ірі қараға арналған асыл тұқымды репродуктордың құрылысын аяқтады. Көкшетау қаласында 5 мың бас ірі қараға арналған мал бордақылау алаңы салынды. «Макинск құс фабрикасы» серіктестігінің екінші кезегі іске қосылды. Өткен жылы субсидиялау мен несиелеуді жетілдірудің арқасында 97 етті және 18 тауарлы-сүт фермасы құрылды. Отандық асыл тұқымды шаруашылықтардан 10 мың бас асыл тұқымды мал сатып алынды,–деді басқарма басшысы Димаш Таласбаев.
Одан әрі ол сүт өндірісімен облыста 56 мамандандырылған кәсіпорын айналысатынын, оларда 12,5 мың бас сауын сиыр бағылатынын айтты. Бүгінгі күні мал бордақылау алаңдарында 36,5 мың бас ірі қара семіртілуде. Бұл шаралар азық-түлік тағамдарының ішкі өндірісін көбейтуге және пандемия кезінде өз қажеттілігіміздің көп бөлігін жабуға мүмкіндік берген екен. 2020 жылы өңделген ет, сүт, ұн, өсімдік майы өндірісі әжептәуір өсті.
– Облыс астанамыз Нұр-Сұлтан қаласын ұнмен, картоппен және жұмыртқамен толық, етпен және сүтпен 34 пайыз қамтамасыз етеді. Өткен жылы облыстың агроқұрылымдарына, егіншілік саласы мен мал шаруашылығын дамытуға, тыңайтқыш сатып алуға мемлекеттік қолдау көрсетіліп, қомақты қаржы бөлінді. Субсидиялау бағдарламасы аясында несие мен лизинг бойынша сыйақы ставкасы субсидияланды. Сондай-ақ, дағдарысқа қарсы шаралар аясында 12 миллиард теңге бөлінді. Биылғы жылы басқарма өз тарапынан республикалық және жергілікті бюджеттен қаржы сұрау бойынша жұмыс жүргізуде. Мемлекеттік қолдауға 32,3 миллиард теңге қарастырылғанын атап өткен жөн. Азық-түлік белдеуі аясында жоспарлаған 42 инвестициялық жоба қолға алынды. Нұр-Сұлтан қаласын 115 мың тонна сүтпен, 29,3 мың тонна етпен, 284 миллион дана жұмыртқа тәрізді өзге де ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етеміз,–деген басқарма басшысы журналис-тер сауалына тұшымды жауап берді.
Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Советбек МАҒЗҰМОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар