Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қызмет сапасына қатысты шағым азайды - АРҚА АЖАРЫ

Қызмет сапасына қатысты шағым азайды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бо-йынша департаменті өз қызметінде азаматтардың өтініштерін сапалы және уақытылы қарауды ерекше назарда ұстайды.

Бүгінгі таңда облыста мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қатысты шағымдар саны төмендеген. Мысалы, 2019 жылы азаматтардың өтініштері негізінде 40 тексеріс жүргізілсе, 2020 жылы осы көрсеткіш бар болғаны 20-ны құрады.  Бүгінгі таңда облыста мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қатысты шағымдар саны төмендеген. Мысалы, 2019 жылы азаматтардың өтініштері негізінде 40 тексеріс жүргізілсе, 2020 жылы осы көрсеткіш бар болғаны 20-ны құрады.  – Әрине, мұндай көрсеткішке жетуге карантин жағдайы да әсер етті деп ойлаймын. Дегенмен, тұрғындарымыз өздерінің құқықтарын қорғау үшін өтініштерді мемлекеттік органның кеңсесі арқылы тапсырудан гөрі «Электрондық үкімет» веб-порталының электрондық өтініштер сервисін пайдаланып, жолдауларына болады, – дейді департаменттің мемлекеттік қызметтерді көрсету басқармасының бас маманы Нұрсұлтан Шытырымбек.Портал арқылы өтініш берген азаматтар оның орындалуын өздерінің жеке кабинеттері арқылы бақылай алады. Бұл жерде  өтініштің қарау мерзімдерін бақылап, оны орындаушы туралы мәліметтерге үйден шықпай-ақ қол жеткізуге болады.  2020 жылы мемлекеттік қызмет сапасына қатысты департаментке келіп түскен 38 өтініштің 71 пайызы, яғни, 27-сі электрондық нысанда түскен. Бұл көрсеткіш азаматтардың цифрлық дағдылануымен қатар, құқықтық сауаттылықтары да жоғарылағанын  байқатады. –Департамент қызмет көрсету саласындағы құқық бұзушылықтардың салдарын жоюдан бұрын олардың алдын алуға ден қояды. Өткен жылы осы саладағы заңнаманы түсіндіру бойынша 332 іс-шара ұйымдастырылды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылу фактілері едәуір төмендеп, тәртіптік жауапкершілікке тартылған тұлғалардың саны азайды, – деп атап өтті бас маман одан әрі өз сөзінде. Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруды үздіксіз жетілдіру бо-йынша жұмыс әрі қарай жалғасуда. Бұл сала тек мемлекеттік органдардың қатысуын ғана емес, барша тұрғындарымыздың белсенділігін қажет етеді.Ырысалды ШАМШИЕВА,«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар