3 миллион гектар жер айналымға енгізілмеген

Ақмола облысында ауыл шаруашылығына арналған 3 миллион гектар жер тиімсіз пайдаланылған. Ауыл шаруашылығы еңбеккерлері егістік және мал шаруашылығымен айналысамыз деп алған алқаптарды дұрыс игере алмаған.

Бұл олқылықтар ғарыштық бақылау арқылы анықталды.
Игерілмей қалған 3 миллион гектар жердің 300 мың гектары егістік алқапқа арналған, қалғаны жайылым жерлер. Алқаптарға мүлдем дәнді және бұршақты дақылдар сіңірілмеген екен. Мал бағуға бөлінген жерлер де тиімсіз пайдаланылуда. Ақмола облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы басшысының орынбасары Рүстем Төкеновтың айтуынша, бұл пайдаланбайтын жерлерге электрондық хабарламалар жіберілген екен.
– Бұл жұмыстың оң нәтижесін көріп отырмыз. Мәселен, 600 мың гектар жер айналымға енгізілді. Өзге жерлер бойынша әрі қарай жұмыс жүргізілуде,–дейді ол. Ақмола облысында тұрғындар мен фермерлер 1,6 миллион гектар жайылымдық жерге мұқтаж болып отыр. Бұл жөнінде мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер айтады. Облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Алмагүл Қадыралина өз сөзінде 2018 жылдан бері ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет қажеттілігі үшін қайтарып алу арқылы ауыл тұрғындарының малдарына арналған жайылым тапшылығын шешу мәселелері бойынша жұмыс жүріп жатқанын айтты.
– Жайылым жер тапшылығын пайданылмай жатқан жерлер арқылы шешуге болады. Бұл біреуден алып, өзгеге бере салатындай жағдайға жатпайды. Жер өзге ауданда немесе тым алыс елді мекендердің іргесінде,–дейді басқарма басшысы. Жердің игерілуі ғарыштан бақыланып, ақпарат жинақталады. Әр жер телімі бойынша жеке сараптама жасалады. Бұл пилоттық жоба Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан,
Маңғыстау облыстарында іске асырылуда.
– Спутниктік түсірілімдер арқылы егістік алқабына дәнді және бұршақты дақылдар сіңірілгенін немесе сіңірілмегенін көреміз. Ал, жайылым жерлер бойынша шаруашылықтың мал саны мен жер аумағын есептеп қорытынды жасаймыз. Егер мал жайылымдық жердің 20 пайызынан аз аумақта жайылып жүрсе, онда жер тиімсіз пайдаланылған деп есептеледі,–дейді ақпараттық есеп орталығы Ақмола бөлімшесінің басшысы Айдос Кенжеғарин бізбен әңгімесінде. Зерттеу нәтижесінде өңірде тиімсіз пайдаланылған 2 мың гектардан астам жер учаскесі анықталған. Оның 20 мың гектары мемлекет меншігіне қайтарылды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар