Ақмола облысында URPAQ /ПОКОЛЕНИЕ» телеграм-бот іске қосылды

Ақмола облысының прокуратурасы балалар қауіпсіздігі аясында «URPAQ/ПОКОЛЕНИЕ» жобасын жүзеге асыруда.

Балаларға қатыгездік, қорқыту және басқа да құқық бұзушылықтар фактілерінің жолын кесу, сондай-ақ консультативтік және психологиялық көмек көрсету мақсатында облыс прокуратурасы «URPAQ /ПОКОЛЕНИЕ» телеграм-ботын құрды.

Телеграм-ботқа мектеп оқушылары, балалардың ата-аналары және заңсыз әрекеттердің куәгері болған кез келген азамат жүгіне алады.

Хабарламалар мәтіндік хабарлама немесе фото-бейнематериалдар жолдауымен, жеке және анонимді түрде қаралады.

Ботқа сілтеме: https://t.me/BALA_QUTQARU_BOT

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар