Қоғамдық көлікте тәртіпсіздікке жол беруге болмайды

Қоғамдық көліктерде жолаушыларды тасымалдау кезінде жол ережелері мен талаптарын сақтау аса маңызды. Ақмолалық полицейлер «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу аясында жолаушылар мен жүргізушілерге «SOS» мобильді қосымшасының жұмысы туралы айтып берді.

Ақмола облысының аумағында тәртіп сақшылары 4 күндікпрофилактикалық жұмыс жүргізген. Оның барысында, жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілері анықталған. Бұзушылықтардан басқа, полицейлердің пікірінше, қоғамдық көлікте адамдар моральдық және тіпті физикалық зорлық-зомбылыққа ұшырайтын жағдайлар бар. Осыған байланысты полицейлер, халыққателефонға жүктелетін дабыл түймесін пайдалана алатынын естеріне салған. Яғни, «SOS» батырмасының көмегімен полицияға қоңырау шалу және не болып жатқанын түсіндіру мүмкін болмаған, кез-келген төтенше жағдайда дабыл сигналын жедел беруге болады. Телефонда «SOS» батырмасын басу арқылы көмекке жүгінесіз, ал, полиция қызметкері жәбірленушіге не болғанын естіп, көре алады. Бұдан басқа, операторда өтініш берушінің деректері және оның қай жерде орналасқаны (геолокация) көрсетіледі. Соның арқасында оқиға орнына жедел құтқарушылар жіберіледі.

Айта кетейік, облыс орталығының қоғамдық көліктерінің бірінде мас күйіндегі ер адам кондукторға жол ақысын төлеуден бас тартып, осыған байланысты кондукторды қолдаған басқа біреуге дене жарақатын салған жағдай орын алған. Ақмола облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Аслан Қызбикеновтың пікірінше, егер әркімде осындай қосымша болса және осындай түймені сыни жағдайда басса, тәртіп сақшылары келесі аялдамада бұл тәртіп бұзушыны дереу қарсы алар еді.

Сондай-ақ, төрт күндік тексеру жұмыстарының нәтижесінде полицейлер 337 рет жол қозғалысы ережелерінің бұзылғанын анықтаса, оның екеуінде екі жүргізуші көлік құралын басқару кезінде мас күйінде болған. Және де жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың 29 фактісі тіркеліп, көлік құралын басқару кезінде 84 жүргізуші жол қозғалысы ережелерін жиі бұзушылықтарға жол берген. Оған қоса, полиция қызметкерлері 122 автобустың техникалық жағдайына сәйкестігін тексергені белгілі болды.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар