Таңдауымыз – демократиялық құндылықтар жолы

Жыл сайын ақпан айының бірінші бейсенбісінде, барлық елдерде, 2005 жылы Будапештте сайлау органдарының кәсіби мерекесі ретінде бекітілген Дүниежүзілік сайлау күні атап өтіледі.

Дүниежүзілік сайлау күнін мерекелеудің бастамашысы Қазақстан Республикасы толық құқылы мүшесі болып табылатын Еуропалық сайлауды ұйымдастырушылар қауымдастығы. Дүниежүзілік сайлау күні азаматтардың сайлауға қатысу құқығын және демократиялық азаматтық құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуді білдіреді.

Ақмола облыстық сайлау комиссиясы Дүниежүзілік сайлау күні аясында ашық есік күндері, конкурстар, олимпиадалардан тұратын түрлі іс-шаралар өткізеді. Негізгі міндет – азаматтардың санасында демократиялық қағидаттар мен постулаттарды орнықтырып, сайлаудың рөлін арттыру, жас сайлаушылардың өз құқықтарын және мемлекетті басқаруға қатысу мүмкіндіктерін білуі мен түсінуіне  қол жеткізу, Конституциямен кепілдендірілген демократиялық бостандықтарды жүзеге асыру шараларын тікелей немесе өздерінің еркін сайланған өкілдері арқылы жүргізу.

Ұйымдастырушылар Дүниежүзілік сайлау күнін белгілей отырып, көпшіліктің назарын азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету мәселесіне аударды және сайлау процестерін жетілдіруді көздеді. Бұл күнді өткізудегі негізгі мақсат қоғам санасында демократияландыру процесін орнықтыру жәнежас сайлаушылардың бойында демократиялық құндылықтарды ұстанушылықты қалыптастыру, жұртшылықты сайлау процесіндегі жетістіктермен таныстыру, сайлаушылардың қатысу белсенділігін арттыру болып табылады.

Сайлау – бұл бірегей процесс. Онда адам қалай өмір сүру керектігін өзі шешеді. Әрбір дауыс алтынға баланады. Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігіне ие болуымен жаңа мемлекеттілікті қалыптастыру қажеттіліктеріне жауап беретін жаңа сайлау жүйесін қалыптастыра бастады. Сайлау жүйесіне деген теориялық қызығушылық арта түсті.

Сайлау халықтық егемендікті іске асырудың, қоғамдық пікірді қалыптастыру мен білдірудің, мемлекеттік тетіктің жұмыс істеуінің тұрақтылығы мен тиімділігін қамтамасыз етудің негізгі құралы болып табылады. Біздің елдегі сайлау, республика азаматының сайлау және сайлану құқығын еркін жүзеге асыруына негізделеді.

Азаматтар 18 жасқа толғаннан кейін, шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, дінге көзқарасы, тұрғылықты жері немесе басқа да кез-келген мән-жайларға қарамастан, сайлауға қатысады. Негізгі сайлау құқықтарына тең, тікелей және жанама сайлау құқықтарын, дауыс беру құпиясын жатқызу керек. Әлем елдері мен халықтары еркін және шынайы сайлау мемлекеттік биліктің негізі болып табылатын халықтың еркін білдірудің маңызды демократиялық талабы мен міндетті құралы екенін мойындады.

Облыстық сайлау комиссиясы сайлау мықты азаматтық қоғамның ажырамас атрибуты болып табылатынын түсіне отырып, барлық ақмолалықтарды Дүниежүзлік сайлау күнімен құттықтайды және біздің қоғамымыздың әрдайым демократиялық құндылықтар жолымен жүруін тілейді.

Алма БЕКЕНТАЕВА,
Ақмола облыстық сайлау комиссиясының мүшесі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар