Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Есіл ауданының тұрғындары үшін жылу тарифі төмендеді - АРҚА АЖАРЫ

Есіл ауданының тұрғындары үшін жылу тарифі төмендеді

«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 5-тармағының талаптарын сақтай отырып, жеңілдетілген тәртіппен бекітілген тарифтің аяқталуына байланысты, «Есіл қалалық коммуналдық шаруашылығы» ШЖҚ МКК жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер мен тарифтік сметалардың жобаларын бекітуді қарау үшін Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментіне өтініш берді.

Департамент көрсетілген қызметтер көлемінің 10,93 пайызға өсуін ескере, Тарифтерді қалыптастыру қағидаларының 303-тармағын басшылыққа ала отырып, «Есіл қалалық коммуналдық шаруашылығы»  ШЖҚ МКК-ға жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау бойынша қызметтерге орташа босатылатын тарифті МКК-нің 1 Гкал үшін 7 378,74 теңге деңгейінде ұсынған тариф жобасынан 37,57 пайызға төмендете отырып, 1 Гкал үшін 4606, 20 теңге мөлшерінде (ҚҚС-сыз) бекітті. Бұл ретте, қолданыстағы тарифтен өсу 16,36 пайызды құрайды.

Алайда, тұрғындар үшін тариф өсімсіз, тіпті төмендеген кезде де мақұлданды, яғни тұрғындар үшін босатылатын тарифті 40 пайызға дейін төмендеді және 1 Гкал үшін 2 374,49 теңгені (ҚҚС-сыз) құрайды. Сонымен бірге, заңды тұлғалар үшін орташа босатылатын тариф 1 Гкал үшін 5 737,74 теңгені (ҚҚС-сыз), бюджеттік ұйымдар үшін 1 Гкал үшін 8 843,50 теңгені (ҚҚС-сыз) құрайтын болды.

Тарифтер 2021 жылдың 1 ақпанынан бастап күшіне енеді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар