Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Спутник-V» вакцинасы неліктен қауіпсіз?.. - АРҚА АЖАРЫ

«Спутник-V» вакцинасы неліктен қауіпсіз?..

С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті балалар жұқпалы аурулары кафедрасының профессоры Ләззат Ералиева ақпан айында басталатын коронавирусқа қарсы вакцинацияның қауіпсіздігіне қатысты пікірімен бөлісті.

–Коронавирус инфекциясына қарсы вакцина кез келген өзге вакцина сияқты иммунобиологиялық препарат екендігін түсіну қажет. Оның өзіндік көрсетілімдері мен қарсы көрсетілімдері болады, сонымен қатар, ағзаға егілгеннен кейін қандай да реакциясы орын алуы да мүмкін. Ағзаға вакцина егілген кезде антидене пайда болады. Антидененің пайда болуы белгілі бір реакциямен қатар жүруі ықтимал. Адамдарда иммундық қарсылық әртүрлі жүруі мүмкін. Көп жағдайда реакция болмайды, бәрі қалыпты өтіп, адам еркін жүре береді және жұмысын жалғастыра алады. Ал, кейбір иммундық қарсылық кезінде дене қызуы көтеріліп, вакцина салынған жер қызаруы немесе ісуі ықтимал. Бірақ, бұл да қалыпты дүние және ағзаның әрекет еткендігін және антидене бөле бастағанын білдіреді, – деді медицина ғалымы.

Ләззат Ералиева осы орайда таңдау неліктен Ресейде шығарылған Спутник-V вакцинасына түсіп отырғандығын түсіндіріп беруге тырысты.

–Егер ақпан айынан бастап қазақстандықтарға егілетін нақты «Спутник-V» вакцинасына қатысты айтар болсақ, қазіргі уақытта ол Ресейде шамамен 1,2 миллион адамға егілді. Және де бірде бір жағымсыз реакция болған емес. Мұндай реакцияға ең алдымен, анафилаксиялық реакция жатады. Вирустық инфекциялардың даму белгілеріне ұқсас катаральды симптомдар байқалуы мүмкін. Дегенмен, бұл да қалыпты жайт. Адамның бірнеше күн бойы дене қызуы көтерілген немесе тұмауратқан, аздап басы ауырған жағдайлар кездескен. Алайда мұның барлығы 3-4 күннің ішінде өтіп кетеді, – деді дәрігер.

Оның атап өтуінше, коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алғаннан кейін спирттік ішімдік ішуге, саунаға баруға, бұрын дәмін татпаған азық-түлікті жеуге болмайды. Сонымен қатар, жүрекке салмақ түсірмеу үшін күш қолданылатын спорт түрлерімен айналыспауға кеңес беріледі.

«Арқа ажарының» өз ақпараты

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар