Вакцинациялау науқанына дайындық жүргізіліп жатыр

Ақмолада коронавирусқа қарсы вакцинация науқанына дайындық қалай жүріп жатыр

Ақмола облысында жақында COVID-19-ға қарсы вакцинаның бірінші партиясы келіп түседі. Бұл үшін өңірде барлық дайындық жұмысы жүргізіліп жатыр.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінен аймаққа ресейлік «Спутник V» векторлық вакцинасының 1100 дозасы келіп түседі.

Вакцинацияны бірінші кезекте жұқпалы аурулар ауруханаларының, медициналық жедел жәрдемнің, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің, қабылдау бөлмелерінің, стационарлық көмек көрсететін медицина қызметкерлері, КВИ бар пациенттерге тікелей қатысы бар мекемелердің санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің қызметкерлері алады.

–Облыста вакцина салу жұмысы 24 егу пунктінде жүргізіледі, кейін қалған партия түскен кезде қалған егу кабинеттері мен көшпелі бригадаларды іске қосу жоспарлануда. 1104 медицина қызметкер жұмысқа тартылып, дайындалды, – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нариман Сыздықов бұл туралы.

Ведомствоның басты міндеттерінің бірі – препаратты тасымалдау үшін температуралық жағдайды қамтамасыз ету. Бүгінгі таңда аймақта вакцинаны сақтау үшін – 43°С дейін қатыру диапазоны бар 4 мұздатқыш камера, оған қосымша тағы 19 мұздатқыш камера, 119 термоконтейнер, 33 тоңазытқыш сөмке, 448 салқындатқыш элемент бар.

Облыстың медициналық ұйымдары үшін тағы 215 мұздатқыш жабдық сатып алынуда. Облыс қоймасынан аудандық/қалалық деңгейдегі қоймаларға дейін вакцина авторефрижераторда арнайы термоконтейнерде жеткізіледі.

Қазақстан Республикасының халқын коронавирусқа қарсы ерікті вакцинациялау 2021 жылғы 1 ақпанда басталады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар