Мемлекеттік қызметтің  94,8 пайызы электронды түрде ұсынылды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінде 2020 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарылды.

Есептік кезеңде облыстың мемлекеттік органдары 6 миллион 342 918 мемлекеттік қызмет көрсетті. Мемлекеттік қызметтерді көрсету басқармасының бас маманы Қанат Айтымовтың айтуынша, соңғы жылдағы көрсетілген қызметтер саны 22 090-ға артқан.
Қағаз түрінде мемлекеттік органдар 116 811 қызмет ұсынды. Азаматтардың мемлекеттік органдарға қызмет алу үшін жүгіну мөлшері 71 пайызға төмендеді.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалдары арқылы 287 811 мемлекеттік қызмет ұсынылып, бұл өтініштердің 56,2 пайызға қысқарғаны белгілі болып отыр. Egov.kz порталы және оның сервистері, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы электронды түрде көрсетілетін қызметтерді алу үшін мемлекеттік органдарға азаматтардың жүгіну үлесінің артқаны да байқалады. Есепті кезеңде мемлекеттік органдармен электронды түрде 5 938 296 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, бұл 94,8 пайызды құраған. Сөйтіп, 2019 жылмен салыстырғанда көрсетілген қызметтер саны 9,3 пайызға артқан.
Карантин кезінде Мемлекеттік корпорация тек қана қызмет алушының келуін талап ететін қызметтерді ұсынған. Тіпті, осы қызметтерге қол жеткізу үшін алдын ала жазылу тәртібі енгізілген. Осылайша «Өзіне-өзі қызмет көрсету секторы» жеңілдетіліп, азаматтарға онлайн түрде кеңес беру қызметі ұйымдастырылған. Сондай-ақ, халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған мемлекеттік қызметтерді қағаз және электронды түрде көрсету кезінде арнайы терезе өз жұмысын жүзеге асырды.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар