Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Құрметті ақмолалықтар! Әкім халық алдында есеп береді! - АРҚА АЖАРЫ

Құрметті ақмолалықтар! Әкім халық алдында есеп береді!

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығын орындау мақсатында 2021 жылғы 12 ақпан күні сағат 11.00-де Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың 2020 жылғы жұмыс қорытындылары және 2021 жылға арналған міндеттер туралы халыққа есеп беру кездесуі өтеді.
Халық арасында коронавирус жұқпасының таралуына жол бермеу үшін өңір басшысының есебі онлайн-форматта «KOKSHE» телеарнасының тікелей эфирінде көрсетілетін болады. Сондай-ақ, стрим @ermek_marzhyqpaev, @Aqmolaakimdigi инстаграм аккаунттарында; YouTube арнасында @Aqmolaakimdigi және fb/Aqmolaakimdigi, fb/ermek.marzhyqpaev фейсбук парақтарында қолжетімді болады. Ұсыныстар мен ескертулерді жинауға арналған жәшіктер аймағымыздың аудандары мен қалалары әкімдері аппараттарының барлық ғимараттарында, сонымен қатар, облыс әкімдігінің ғимаратында (Көкшетау қ., Абай көшесі, 83) орнатылған.
Аймақ басшысына сұрақтарды akim@aqmola.gov.kz электрондық мекен-жайға, Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде #ЕрмекМаржықпаевқасұрақ хэштэгімен белгілеу арқылы, Telegram-бот-@Ikomek109Aqmola_bot-қа жазып, бейне сұрақтарды WhatsApp +77751030068 нөміріне жолдап немесе 109 (Ақмола облысының тұрғындары үшін) телефон нөміріне қоңырау соғу арқылы жолдауға болады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар