Алматылық инфекционистері вакциналаудың маңыздылығын түсіндірді

Дәрігерлердің айтуынша, COVID-19 емдеу үшін арнайы препараттар жоқ, соның салдарынан асқынулар байқалады. Сондықтан, вакцина салдыру қажет. Коронавирусқа қарсы жаппай иммундаудың бірінші кезеңінде: инфекциялық ауруханалардың, жедел медициналық жәрдемнің, реанимация бөлімшелерінің, қабылдау бөлмелерінің медицина қызметкерлері, санитарлық –эпидемиологиялық қызмет мамандары вакцинацияланады. Алматыда вакцинация егуге арналған 40 кабинет ашылды. Алғашқы күні 360 адамға салынды. Өз кезегінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің инфекциялық және паразиттік ауруларды бақылау бөлімінің басшысы Алмаш Ахметова вакцинация жүргізудің маңыздылығын түсіндірді. Әлемдегі пандемияға байланысты 2020 жылдың наурыз айынан бастап қалада коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық қолайсыздық байқалуда. COVID-19-бұл жаңа инфекция болғандықтан, халықтың көпшілігінде бұл инфекцияға қарсы өзіне тән иммунитет жоқ. КВИ пациенттерін тиімді емдеу үшін арнайы препараттар жоқ, соның салдарынан аурудың асқынуы жайсыз жағдайларға алып келетіні байқалады», – дейді ол. Маманның айтуынша, жүргізіліп жатқан шектеу, санитарлық-профилактикалық, санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шаралар кешені халық арасында инфекцияның таралуын уақытша тоқтатуға мүмкіндік береді. Коронавирус инфекция бойынша эпидемиялық жағдайды тұрақтандыруды қамтамасыз ету, пандемияға қарсы іс-қимыл және халықты коронавирустық инфекциядан ерекше қорғаумен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 27.01.2021 жылғы №3 қаулысына сәйкес, халықтың әртүрлі топтарының эпидемиологиялық маңыздылығын ескере отырып (басымдығы бойынша) COVID-19-ға қарсы вакцинациялауды кезең-кезеңімен жүргізу басталды. Коронавирус инфекцияны жұқтыру және тарату қаупі жоғары халықтың әлеуметтік осал топтары одан әрі иммундауға жататын халықтың қалған топтарын қамти отырып, вакцинациялауға жатады. Коронавирус инфекциясын жұқтыру және оны тарату қаупі жоғары топтар үшін вакцинациялау мемлекет есебінен тегін жүргізіледі. Еске салайық, алғашқы болып ерікті түрде Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Бабақұмаров, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н.Табынбаев және қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ж. Бекшин, сондай-ақ мәслихат депутаты, №5 ҚКА бас дәрігері Б. Садықов вакцинациядан өтті. Алматы қаласы әкімінің орынбасары   өтті. «Вакцинация – коронавирус инфекцияға қарсы тұрудың жалғыз әдісі. Өмірдің бұрынғы ырғағына оралу үшін вируспен күресудің осы тиімді кезеңінен өту керек. Қоғамдық денсаулық және әрқайсымыздың, жақындарымыздың денсаулығы осыған байланысты»,-деді Ержан Бабақұмаров. Қазақстанда вакцинация ерікті түрде жүргізіледі. ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 77-бабына сәйкес кез келген медициналық рәсім, оның ішінде вакцинация егілушінің тек ақпараттандырылған келісімімен ғана жүргізіледі. Қазақстанда вакцинациядан бас тартқаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылмаған.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар