Еуропа елдері карантин шараларын күшейтті

Еуропалық Одақ блок елдерінің азаматы саналмайтын басқа ел адамдарына кіру ережелерін қатаңдатты.

Енді ЕО аумағына аурудың минималды статистикасы бар және оңтүстік африкалық, британдық немесе бразилиялық жаңа штамдарды жұқтыру жағдайлары жоқ мемлекеттердің тұрғындары ғана кіре алады. Ең төменгі статистика 14 күн ішінде 100 мың адамға шаққанда Covid-19-дың 25-тен аспайтын жағдайын білдіреді. Бұл көрсеткіш ЕО елдерінің кез келгеніне қарағанда төмен. Осылайша, Еуропалық Одаққа кіру тек Австралия, Жаңа Зеландия, Қытай, Руанда, Сингапур, Оңтүстік Корея және Таиланд сияқты шектеулі елдерден ғана мүмкін болады. Франция өз шекараларында бақылауды едәуір күшейтті. Жапония жақында осы тізімнен шығарылды. Ал тізімге Қытайды қосу Қытай билігінің Еуропа азаматтарын кедергісіз кіруге мүмкіндік беретіндігіне байланысты болмақ. Қосымша шекаралық шаралар әр ЕО елінің өз қалауына қарай күшіне енеді. Мысалы, Германия жалпы Еуропалық одаққа қарағанда одан да қатаң кіру ережелерін енгізді, ал Бельгия наурыз айына дейін екі бағытта да өз шекараларын кесіп өтуге тыйым салды. Тек адамдар үшін өте маңызды болған жағдайларда ғана өтуге рұқсат. Австрия – карантинді жеңілдетіп жатқан жалғыз еуропалық ел. Онда дүкендер, мұражайлар мен хайуанаттар бағы кезең-кезеңімен ашыла бастайды. Әртүрлі мекенжайларда тұратын адамдардың қайтадан кездесулеріне болады, бірақ әзірге бір уақытта екі отбасыдан аспайды. Қоғамдық орындарда маска кию міндетті болып қала береді, халықты қарқынды тестілеу жалғасады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар