Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстанда «Спутник V» вакцинасы ресми тіркелген жоқ - Ерлан Қиясов - АРҚА АЖАРЫ

Қазақстанда «Спутник V» вакцинасы ресми тіркелген жоқ — Ерлан Қиясов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда «Спутник V» вакцинасы ресми тіркелген жоқ. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тіркеу құжаттамалары қаралып жатыр. Біз тиісті топтамаларды әзірлеу үстіндеміз. Олар қарастырылуда. Бір рет әкелуге рұқсат беру негізінде 22 мың доза вакцинаның алғашқы топтамасы жеткізілді», — деді Ерлан Қиясов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай. Сонымен қатар ол ресейлік вакцинаның таяу күндері елімізде тіркелетіндігін баса айтты. Ал ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният Қазақстан тұрғындарына вакцина салынғанға дейін министрлік Ресейден аталған препаратқа қатысты клиникалық зерттеудің барлық мәліметтерін сұрағанын жеткізді. «Біз бірінші, екінші және үшінші фаза бойынша барлық есепті алдық және дәрілік заттарға сараптама жасау ұлттық орталығында сараптама жүргізілді. Аталған препараттары бір рет әкелуге рұқсат берілді», — деді ол. Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 1 ақпанда Қазақстанда «Спутник V» вакцинасын ерікте негізде егу науқаны басталады.

 https://www.inform.kz/kz/kazakstanda-sputnik-v-vakcinasy-resmi-tirkelgen-zhok-erlan-kiyasov_a3748982

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар