Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Коронавирусқа қарсы вакцина халал ма - АРҚА АЖАРЫ

Коронавирусқа қарсы вакцина халал ма

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 1 ақпаннан бастап қазақстандықтарға егіліп жатқан коронавирусқа қарсы вакцина халал ма? Дәл осы сауал бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрлері Ажар Ғиният пен Ерлан Қиясовқа қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Вакцинаның халал әлі халал еместігіне қатысты жайт медициналық мәселеге жатпайды. Көптеген ислам елдерінде вакцинация процедурасын өткізу жоспарланып отыр. Вакцинаны әзірлеу өте күрделі жағдайда өтуіне, аталған вакцинаның жедел қажеттілігіне байланысты вакцинаның халал немесе халал еместігі туралы мәселе қаралмайды да. Өйткені, шалдығу мен өлім-жітім жоғары болып тұр. Біз, дәрігерлер, вакцинаның тиімділігін ғана талқылай аламыз», — деді вице-министр Ерлан Қиясов. Ал Ажар Ғиният вакцинаның адам аденовирусы базасында әзірленгенін айтады. «Егер вакцинаның құрамына қатысты айтып отырсаңыз, онда вакцина адамның аденеовирусы базасында әзірленген. Сондықтан сізді құрамы қызықтырып отырса, онда бұл адами вирус», — деді вице-министр.

 https://www.inform.kz/kz/koronaviruska-karsy-vakcina-halal-ma_a3748948

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар