Пайдалы семинар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мемлекеттік органдар мен азаматтық сектор өкілдерінің сындарлы қоғамдық диалогын құру мақсатында «өңірлердегі Министрлік күндері» шеңберінде стратегиялық сессияларды іске қосуда.

Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының міндетін атқарушы Г.Б.Сұлтанованың төрағалығымен «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және гранттық қаржыландыру жобаларын іске асыру» тақырыбында семинар өтті.

Семинарға Ақмола облысы бойынша 50-ден астам жергілікті атқарушы органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Кездесу барысында гранттық жобалар мен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобаларының конкурстық рәсімдері мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамаға түсініктеме берілді, сондай-ақ, заңнама нормаларын жетілдіру бойынша түсініктемелер берілді.

«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, ҮЕҰ үшін гранттар және сыйлықақылар туралы» ҚР Заңына болжамды өзгерістер шеңберінде гранттарды градуирлеу жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Бұл гранттық жобаны іске асыру кезеңін, конкурстық рәсімдердің талаптарын, жобалар бойынша есептілікті бөлуге, іске асырылатын жобалардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, 2020 жылы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңның құқық қолдану практикасының қорытындыларын шығару» тақырыбында семинар өткізіліп, онда қоғамдық-саяси жұмыс басқармасының басшысы У.С.Тналиев сөз сөйледі.

Семинарға облыстық ішкі саясат басқармасының өкілдері мен қоғамдық пікір көшбасшылары, барлығы 43 адам қатысып, өз ойларымен бөлісті.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар