Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сыныптас құрбыларымды іздеймін! - АРҚА АЖАРЫ

Сыныптас құрбыларымды іздеймін!

Құрметті редакция!
Сәлемсіздер ме?! Еліміз мынау қиын уақыттан аман-есен шығып, баяғы алаңсыз күнімізге оралуға тілектеспін.
Менің жасым 75-те, жастық, оқушылық күнімді еске алып, құрбыларыма деген сағынышымды жазғалы отырмын. 1962 жылы Көкшетау қаласындағы пансионда 10 жылдықты бітіріп едік. Бізден бірер класс жоғары белгілі ақын-жазушы Төлеген Қажыбаев оқыды. Өзі маған туыс, жиенім болады. Сол кездегі әрбір күніміз қызық-думан, сауық-сайранмен өткендей көрінетін. Осы күнде мектеп қабырғасындағы достарды сағынып, сонау бір қиырда қалған жастық шақты аңсайтын сәттерім болады. Күнделікті күйбең тіршіліктен шаршап отырған кезде барлық достарымды көріп, құшақтап, қысып-қысып, сағынышымды бассам деп ойлаймын. Суреттерге қарап, көңілімді демдеймін. Өте тату класс едік. Әсіресе, 6 қыз дос болдық. Олар Қуаныш Есімжанова, Тиыштық Сейітова, Әсия Сыздықова, яғни мен, Бибінұр Раева, Құмар Көпсатарова, Тоты Тоқашева. Тоты мектепте жүргенде қайтыс болды. Осы алтауымыздың 1959 жылы 19 қазанда сегізінші сыныпта оқып жүргенде түскен суретіміз бар.
Міне, құрметті редакция ұжымы! Осы достарымды іздеп тапсам деймін. Мектеп бітіргенімізге, 40 жыл, одан 50 жыл болғанда да іздеп, газет редакцияларына хат жаздым. Бірақ, жауап ала алмадым. Осыған көмек жасап, газетке осы хатымды жарияласаңыздар, аман болса, біреуі болмаса, біреуі жауап берер еді деп ойлаймын. Өзім өмір бойы, 47 жыл почта бөлімшесінде істеп, қазір зейнет демалысындамын. Тұратын жерім Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы Теңдік ауылы. Үй телефоным 42-0-19. Көзім көріңкіремей, жазу қиындау тисе де, сол достарымның бір хабарын білу үшін осы хатты жазуыма тура келді. Бәріміз ұшқан құстай жан-жаққа тарап кеткелі сол құрбыларымды кездестіру мүмкін болмапты. Оларды бір көру немесе дауыстарын есту мен үшін үлкен қуаныш болар еді.
Құрметпен,
Әсия Сыздықова.
Суретте: 1962 жылы 10 «а» класын бітірген сәтіміз.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар