Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жеңіл формада ауырғандарды да вакциналау керек болады - АРҚА АЖАРЫ

Жеңіл формада ауырғандарды да вакциналау керек болады

Жеңіл формада ауырып шыққандар үшін орнықты жасуша иммунитетін қолдауға вакциналау керек болады.

Бұл туралы UMС клиникалық иммунология, аллергология және пульмонология бағдарламасының жетекшісі, «АстМУ» КеАҚ Нефрология, гематология, аллергология және иммунология курсымен ішкі аурулар кафедрасының аға оқытушысы Елена Ковзель айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Ғылыми негізделген мәліметтерге тоқталсақ, ауырып шыққан пациенттерде үшінші-алтыншы айда антиденелердің нөлдік деңгейге дейін төмендегенін көріп жүрміз. Аталған адамдарда сақталатын жасуша иммунитеті жеткіліксіз болуы мүмкін. Жеңіл формада ауырғандарда орнықты жасуша иммунитетін қолдау үшін вакциналау қажет екені анық», — деді Е. Ковзель Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. Оның айтуынша, пациенттің денсаулық жағдайына бағалау жүргізіп отыру керек. Қандай да бір вирустық инфекцияның, аутоиммундық аурулардың болуын тексеру үшін екпе салдырар алдында міндетті түрде тексеру керек.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар