Су тасқынының алды алынуда

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Қанат Доспаев 1921 жылдың су тасқыны мезгіліне дайындықтың қолға алынған шаралары жөнінде айтып берді.

Өңір аумағындағы су тасқыны қауіпі бар аймақта 17 ауданның 125 елдімекені орналасқан екен. Мұнда мыңдаған  адам тұрады, әртүрлі маңызды 71 автокөлік жолы және 4 темір жол өтеді. Ауа райын болжаушылардың айтуынша, ақпан айы жылы әрі жауынды-шашынды болып келеді. Көктем айлары да жауынды-шашынды болады деп болжануда. Осының бәрі су тасқынын тудыруы әбден мүмкін. Мәселен, Есіл, Жабай, Қалқұтан өзендеріндегі ылғал қоры нормадан 19-46 пайыз төмен. Шағалалы мен Сілеті өзендеріндегі ылғал қоры нормадан артық, Нұра өзені нормадан 23 пайыз төмен. Оның үсітіне былтырғы жылы жер 1-63 сантиметрге қатты. Егер қар мезгілінен бұрын ерісе, су жерге сіңіп үлгермей су тасқыны қауіпін тудыруы әбден мүмкін.

Полковник Қанат Доспаев өз сөзінде облыста су тасқынына дайындық жұмысы  өткен жылдың жаз айларында басталғанын айтып өтті.

–Елдімекендерді инженерлік қорғаудың жоспарына сәйкес, 43 елдімекенде ұзындығы 47121 метр жыралар тереңдетілді. 24430 метр өзен арнасы тазаланды. 5235 метр дамбы жөнделді. 4795 метр уақытша дамбы салынды. 41 дана су өткізетін құбыр салынды. Жақсы мен Бурабай ауданында 9 дана су өткізетін құбыр жөнделді. Атбасар ауданындағы «Сочинское-2», Жақсы ауданындағы «Чапаевское-2» су бөгеттері күрделі жөндеуден өтті. Бірқатар гидротехникалық нысандар жөнделді. 2021-2023 жылдары су тасқыны қауіпін ескерту және қалпына келтіру жөніндегі шаралар кешенінің Жол картасы бойынша 9 шара қарастырылған. Оның жетеуінің жобалық-сметалық жобасы жасалды. Облыстық бюджетте биылғы жылдың резерві қарастырылған. Өңірлерде 225 тонна жанар-жағармай, 4,6 мың тонна инерттік материалдар, 56,1 мың қап дайындалды. Өңірдің елдімекендерінен 117,4 мың текше метр қар шығарылды. Бұл жұмыс одан әрі жалғасуда. Су тасқынының төтенше жағдайына 469 адам мен бөлімшелердің 84 техникасы, 12 моторлы қайық, 103 мотопомпа дайындалды. Жергілікті атқарушы органдарда 1921 адам, 979 техника, 144 мотопомпа, 48 жүзу құралы дайын. Осы орайда, ақпанда «Көктем-2021» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі. Сондай-ақ, 85 қосымша бақылау бекетінде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылады. Бүгінгі күні барлық гидротехникалық нысандар бақылауға алынды. Су тасқынына дайындықтың жоспарлы жұмысы одан әрі жалғасуда. Тасқынды суды қауіпсіз өткізудің барлық қажетті шаралары қолға алынды,– деген облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары журналистер сауалдарына тұшымды жауап берді.

Рамазан ТІЛЕУОВ,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар