Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Азаматтардың өтініш-тілектері назардан тыс қалмайды - АРҚА АЖАРЫ

Азаматтардың өтініш-тілектері назардан тыс қалмайды

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізіп, әркімнің өтініш-тілектерінің ескерусіз қалмайтындығын айтты. Әкімнің алдына келген азаматтар қабылдаудан ризалық көңілмен шығып жатты.

Щучинск қаласының тұрғыны Светлана Михайлова үш жастағы мүгедек ұлының денсаулығын сақтау үшін тұрақты түрде «Сабрил» препаратының қажеттігін айтып, осы мәселені шешуге көмектесуді сұрады. Облыс басшысы мүмкіндігінше бұл мәселені шешуге көмектесетінін айтты. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нариман Сыздықов осы мәселеге қатысты түсінік берді. Оның айтуынша, аталмыш препарат еліміздің аумағында тіркелмегендіктен, жеке тұлғалар үшін сатып алу мүмкін болмай отыр. Осы орайда, облыстық мәслихат өткен жылы препаратты қажет дәрілердің тізбесіне енгізіп, оны сатып алуға бюджеттен қаржы бөлуге шешім шығарған. Қазір дәріні сатып алу үшін конкурстық рәсімдер дайындалуда. Конкурс өткен соң биылғы жылдың сәуір айында аталмыш препаратты қажет ететін 14 жасөспірімге керекті бір жылдық дәрі қоры сатып алынбақ.
«Каратэ федерациясы» қоғамдық бірлестігінің өкілі Айша Нұрғалиева облыс басшысына Көкшетау қаласынан аулалық шағын спорт залдарын ашу жобасы туралы ұсынысын білдірді. Мұндай спорт залдарында балалар да, ересектер де бос уақыттарында айналысып, денсаулықтарын нығайтуға, карате спортының қыр-сырын меңгеруге мүмкіндік алар еді. Осыған орай, облыс басшысы қала әкіміне арнайы жер телімдерін бөлу мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырды.
Көкшетау қаласының «Сарыарқа» ықшам ауданының тұрғындары атынан келген Ләззат Байманова мен Рамазан Абаев 9/1, 9/3 және 9/4 көп пәтерлі үйлері аумағынан жаңа тұрғын үй құрылысын салуға тұрғындардың қарсы екендігін айтып, осы мәселені шешуге көмектесуді сұрады. «Біз бұл мәселені зерттеп көрдік, дау-дамай туғызбас үшін жаңа тұрғын үйді басқа аумақтан саламыз» – деді облыс әкімі. Сондай-ақ, тұрғындардың сұранысына орай, ауладан футбол алаңы мен машиналар тұрағын салу мүмкіндіктерін қарастыруға уәде берді.
Зейнеткер Лев Маар тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жұмыстарына қатысты бірқатар сұрақтарын қойды. Облыс басшысы биылғы жылы жылумен қамтамасыз етуде бірқатар олқылықтар болғандығын, РК-1 және РК-2 қазандықтарының қуаттылығы жетпей отырғанын, осыған орай алдағы уақытта қазіргі заманғы мазутпен жұмыс істейтін агрегаттар орнатылып, қазандықты жаңғырту жұмыстары жүргізілетінін айтты. Ал, Жылу Электр Орталығын салу ұзақ мерзімді және көп шығынды қажет ететін жоба болғандықтан, жуық арада жүзеге асыру мүмкін еместігін атап өтті. Бұл жобаның құны 200 миллион АҚШ доллары көлемінде. Қазір қажетті құжаттар дайындалуда. Содан кейін инвесторлар іздестіру қолға алынбақ.

Қалкөз ЖҮСІП,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар