Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ерте үзілген жапырақ-ғұмыр - АРҚА АЖАРЫ

Ерте үзілген жапырақ-ғұмыр

Ақмола облыстық әдебиет және өнер музейінде өмірден ерте кеткен журналист, ақын Бердіхан Орындықұлының «Жапырақ-ғұмыр» кітабының тұсаукесері болып өтті.  Бұл кітап жастай сөнген талантты ініміздің соңына қалдырған әдеби мұрасы.

Ол аталмыш музейдің «Өнерлі өлкем – Ақмола» жобасы аясында жарық көрді. Ақын мұрасын жинақтап, жеке кітап етіп шығарудағы мақсат – Бердіхан Орындықұлының өмірі мен шығармашылығын көпшілік қауымға насихаттау, жас буынның әдебиетке деген қызығушылығын оятып, кітап оқуға ынталандыру.

Бердіхан Орындықұлы сонау тоқсаныншы жылдары алғашқы көшпен Моңғолияның Баян-Өлгий аймағынан ата жұртқа оралып, өзінің әдебиет пен өнерге құштарлығының арқасында журналист, ақын, сатирик және сазгер болып таныла бастаған тұлға. Тек беймезгіл ажал ғана оны ортамыздан жұлып әкетіп, бойындағы табиғи дарынының дені нақты іске аспай қалған. Ол Көкшетау қалалық «Көкшетау», Ақмола облыстық «Арқа ажары» газеттерінде тілші болып қызмет атқарып, жұртшылыққа журналист ретінде де танылып келе жатқан талапты жастардың бірі еді. Бүгінгі күні көзі тірі болса, қаламынан әлі де талай дүниелердің туып, жеке-жеке кітап болып жарық көреріне де сөз жоқ.

Алайда, қамшының сабындай тым қысқа, қыршын қиылған өмірінің ізіндей, соңында қалған осы бір «Жапырақ-ғұмыр» кітабына да шүкіршілігіміз көп. Иә, ол ерте үзілген жапырақ еді. Соны аңғартатын кітап атауы да, оның ішіндегі өлеңдері, сықақтары мен кейбір өзі шығарған ән мәтіндері де ортамыздан осындай бір талантты жастың тым ерте кетіп қалғанын жақсы аңғартқандай. Мұның бәрі өкініш болып өзекті өртейтіндігі де өз алдына бір мәселе.

Тұсаукесер рәсімінде  сөз алған «Ақмола-«Тіршілік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жабал Ерғалиев, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің шолушысы, мәдениет қайраткері, ақпарат саласының үздігі, Бердіхан Орындықұлының жерлесі Бекен Қайратұлы, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің оқытушысы, PhD докторы, ақын-жазушы Ерболат Баят, Бердіхан Орындықұлының туған ағасы, запастағы майор Қуатхан Орындықұлы асыл азаматтың өмірінің маңызды тұстарына, болмыс-бітіміне, шығармашылық ізденістеріне жан-жақты тоқталып өтті. Жиналғандар алдында өз өнерін көрсеткен белгілі әнші Сәрсенбай Хасеновтың жалынды әндері де шараның мақсат-мәнімен үндесе түсті. Ал, бұландылық ақын Жайнарбек Заңдыбай қатарлас бауырына арнаған жырын оқып, ере келген шәкірті арнау арнады.

Кітаптың тұсаукесері соңында елордамыздан арнайы келген Бердіхан Орындықұлының жары Гүлбарам, ұлы Мұрагер және ағайын-туыстары кезінде абзал азаматқа қызмет ұсынып, қамқорлығына алған Жабал Ерғалиевқа, жанашыр інісі болған ақын Ерболат Баятқа және музей директоры Нұрбек Нұралин мен кітапты баспаға дайындаған Бақытбек Бекмұратұлына арнайы алғыстарын жеткізді.

Осылайша жалындап барып, нағыз жемісін берер тұста сұм ажалдың қармағына іліккен аяулы азаматтың «Жапырақ-ғұмыры» өз оқырмандарына жол тартты. Ақын көкейінде қандай сырдың, қандай жырдың кеткенін осы бір кішігірім мұрасы – кітабынан оқып білуімізге болады.

Қ.КӘКЕНОВ.

 Суреттерді түсірген Советбек Мағзұмов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар