Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Facebook коронавирус вакцинасы туралы жалған ақпаратты өшіріп отырады - АРҚА АЖАРЫ

Facebook коронавирус вакцинасы туралы жалған ақпаратты өшіріп отырады

Facebook компаниясы коронавирусқа қарсы вакцина туралы жалған ақпаратты таратуға байланысты жаңа ережені енгізу жөнінде шешім қабылдады. Енді вакцина туралы теріс фактілерден тұратын кез келген ақпарат Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінен өшіріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Business Insider басылымына сілтеме жасап.

Дүйсенбі күні компания «вакцина» сөзімен қатар қолданылып, теріс ақпарат ретінде есептелетін сөздер тізімін жаңартты. Тізім «уландырғыш», «зиян», сондай-ақ, «аутизмнің дамуына септігін тигізеді» деген сияқты сөздермен толықты. Компания вирус туралы жалған ақпаратпен ақпан айының басынан бері күрес жүргізе бастаған. COVID-19 қарсы вакцинаның «адам өлтіре алатын» немесе «денсаулыққа күрделі зиян келтіре алатын», «аутизмнің немесе бедеуліктің дамуына септігін тигізе алатыны», «РНК-ны адамды маймылға дейін өзгерте алатындай өзгертетіні» сияқты мәтіндерден тұратын посттардың Facebook желісінің барлық платформаларынан жойылатыны туралы хабарланып отыр.

Сондай-ақ «екпе салдырғаннан гөрі, вируспен ауырып шыққан әлдеқайда қауіпсіз» және «екпе адамдардардың кей топтары үшін қауіпті екені» жайлы теріс ақпарат жойылады. Сайттан вакцина әзірлеу және олардың тиімділігі туралы фейк мәліметтер алынып тасталады. Компания жалған ақпарат ретінде есептелетін сөздер тізімін жасамас бұрын, ДДСҰ және денсаулық сақтау саласындағы тағы басқа алдыңғы қатарлы ұйымдармен әңгіме жүргізілгені туралы хабарланғанын атап өтті.

2021 жылы Facebook компаниясы денсаулық сақтау саласындағы мәселелермен айналысатын жетекші мамандар және миллиардтаған адамдарды иммундауға жұмылдырылған ресми тұлғаларға қолдау көрсетуге ниетті екені жайында атап өтілді. Еске сала кетейік, былтыр қазан айында компания QAnon-ның астыртын сөз байласуы теориясымен байланысты парақшалар мен топтарды бұғаттаған еді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар