Ұлттық Банк филиалдарында 2006 жылғы үлгідегі номиналы 1 000 теңгелік банкноттарды айырбастау кезеңінің аяқталуы туралы

Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақмола филиалы 2021 жылы 3 наурызда 2006 жылғы үлгідегі номиналы 1 000 теңгелік банкноттарды айырбастау кезеңінің аяқталатынын еске салады.
2006 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттарды айырбастау 2017 жылдың
2 наурызында басталды, енді ол 2021 жылдың 3 наурызына дейін жалғасады. Көрсетілген мерзімнен кейін Ұлттық Банктің филиалдары аталған банкноттарды қабылдау мен айырбастауды тоқтатады.
2006 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ НОМИНАЛЫ 1 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТ

 

 

 

 

 

 

Банкноттарды қолданыстағы ақша белгілеріне айырбастау тек қана Ұлттық Банктің филиалдарында жүзеге асырылады. Филиалдардың мекен-жайымен байланыс телефондары Ұлттық Банктің сайтында көрсетілген.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Ұлттық Банктің 1477 нөмірі бойынша Байланыс-орталығына немесе Ақмола филиалына 8 (7162) 55-18-09, 55-18-00 нөмірлері бойынша хабарласуға болады.

Ұлттық Банкі Ақмола филиалының ақпараты бойынша.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар