Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Айналдым ата, өзіңнен!.. - АРҚА АЖАРЫ

Айналдым ата, өзіңнен!..

Мен, Райхан (төлқұжатым бойынша Раиса) Жанғалиева былтыр 90 жасқа толған нағашы атам, «Құрмет» орденінің иегері, Айыртау ауданының құрметті білім беру қызметкері Айтмағанбет Дауылбайұлы Дауылбаевтың тұңғыш қызы Светлананың перзенті едім. Анам мені «басқа балаларым сияқты орыс тілді болып кетеді» деп жеті айлығында нағашы атам Айтмағанбет пен нағашы әжем Гүлханның тәрбиесіне беріпті. Олар мені өсіріп, бой жеткізіп, жоғары білім әперген соң тұрмыс құрып, қазіргі уақытта ұстаздық қызмет атқарып жүрмін.
Тілім шыққаннан бастап осы кісілерді ата-әже емес, «папа, мама» деп кеттім. Сол әкемдей көрген нағашы атам 90 жасқа толғанда «Айналдым ата, өзіңнен» деген өлең шумақтары ойыма келді. Бүгінде басқаша ойлайтын кей жас әкелер мен келіндер бұрынғы біздің әке-аналарымыздай емес, балаларын ата-әжелерінің бауырына бермей жатады. Олай болмасын, осы бір өлеңім кейінгілерге үлгі болсын деп жан атама перзенттік парызым ретінде шығарған өлеңімді «Арқа ажары» газетіне жолдауды жөн көрдім.

Қараймын ата, ұзақ суретіңе,
Көкшедей кербез сұлу келбетіңе.
Бейнеңнен байқалады ел тағдыры,
Шежіре жазылғандай өрбітіле.

Қызығы мол жылдардың іздері ме,
Зер салам жүзіңдегі әжімдерге.
Біз үшін Сіз қашанда үлгісіз ғой,
Қалады әрбір сөзің жүректерде.

Мұңайма кәрілік шақ, келдің бе деп,
Жалғыздық жолдас болып ердің бе деп.
Еске алып артта қалған өткен күнді,
Тағдырдың тәтті сәтін тердің де көп.

Іздер мол әр жылыңның өткенінен,
Ұрпағың жайқалды дән сепкеніңнен.
Қалың орман қоса өсті шүпірлесіп,
Бізді сүйіп «жаным» деп өпкеніңнен.

Жалғастырдың сал-сері салған ізді,
Таныдық ел ішінен көркіңізді.
Жасымай тоқсанға да келдің бүгін,
Қазынамыз дейді жұрт енді сізді.
Айыртау өңірінің дариясы,
Ақсақалдар ішінде қариясы.
Елеулісі, еліңнің қалаулысы,
Жақсы істің болып жүрсің жариясы.

Бейнеті мол, зейнеті аз өмірден,
Еншіңді алдың ғой ер жүрегіңмен!
Қазына тұнған мына тұла бойың,
Айналдым асыл атам, мен өзіңнен!
Раиса ЖАНҒАЛИЕВА,
Краснояр №1 орта мектебінің оқу ісінің меңгерушісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар