НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кей өңірлерде белгілі бір шектеулер әлі де қолданылып отыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Эпидемиологиялық жағдай бақылауда. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кейбір өңірлерде белгілі бір шектеулер әлі де қолданылып отыр. Биылғы қаңтар айының қорытындысы бойынша 7 негізгі көрсеткіштің ішінде 5 бойынша сегіз өңірде әлеуметтік-экономикалық дамудың өсуі байқалуда. Олар – Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қостанай облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары», — деді Асқар Мамин.
Үкімет басшысы бес өңірде 4 көрсеткіш бойынша оң динамика байқалатындығын айтты.
«Олар – Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстары. Солтүстік Қазақстан, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының қол жеткізген көрсеткіштері төмен», — деді Премьер-Министр.