Жылу жүйесіне қаржы бөлінді

Көкшетау қаласының жылу көзіне Үкімет резервінен 1,1 миллиард теңге қаржы бөлінді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың инженерлік желілер мен  жылу көздерінің тозуын азайту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде қабылданған қаулыға Премьер-Министр Олжас Бектенов қол қойды.

Бөлінген қаражат «Көкшетау жылу» кәсіпорнының технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесін және бақылау-өлшеу аспаптарының далалық деңгейін және су жылытатын тозаң көмір қазандығының автоматикасын, сондай-ақ, қазандық агрегатының қыздыру беттерін реконструкциялау, қазандық агрегатының ауа жылытқыштарының текшелерін жөндеу, технологиялық ресурсы таусылған жабдықтардың бірліктерін жөндеу және ауыстыру жөніндегі жобаларды жүзеге асыруға бағытталады.

2024 жылы Үкімет резервінен бөлінген қаражат есебінен ұзындығы 6 шақырым магистралды желі жөнделді, сондай-ақ, №2 және №3 қазандық агрегаттарына жөндеу жүргізілді.

primeminister.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар