Бүгін облыс әкімі Ермек Маржықпаев Сандықтау аудандық мәслихатының кезектен тыс ІІІ-ші және Жарқайың аудандық мәслихатының кезектен тыс ІV-ші сессияларына қатысып, осы аудандардың мәслихаттары депутаттарының келісімінен кейін Сандықтау және Жарқайың аудандарына әкімдер тағайындады. Сандықтау ауданының әкімі болып Ербол Кәрімұлы Жүсіпбеков, Жарқайың ауданының әкімі болып Жанболат Камериданұлы Хамитов тағайындалды.
Осы сессиялардан кейін облыс әкімі Е.Б.Маржықпаев Сандықтау және Жарқайың аудандарының активімен кездесті. Сандықтау және Жарқайың аудандарының активі жаңадан тағайындалған әкімдерді бірауыздан қолдады. Өңір басшысы алда тұрған негізгі атқарылатын жұмыстарға тоқталып, жаңадан тағайындалған әкімдердің алдына тын міндеттер қойды. (Толық ақпаратты «Арқа ажарының» алдағы бейсенбі күнгі санынан оқисыздар).