Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Спутник V» және «Kaz-Covid-in» бедеулікке әкелмейді - АРҚА АЖАРЫ

«Спутник V» және «Kaz-Covid-in» бедеулікке әкелмейді

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында журналистердің сұрақтарына жауап берген сарапшылар вакцинаның жыныстық бездер функцияларына әсері туралы тағы бір мифті жоққа шығарды. ҚР ДСМ фтизиопульмонология Ұлттық  ғылыми орталығының профессоры, медицина ғылымдарының докторы, директордың клиникалық және ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Ләззат Ерәлиева ешқандай проблемалар болмайтынына сендірді.

«Вакцинаны халыққа қолданбас бұрын жануарларға зертханалық көптеген клиникаға дейінгі зерттеулер жүргізіледі. Бедеуліктің пайда болу қаупі – вакцина қауіпсіздігінің маңызды өлшемдерінің бірі. Бұл міндетті түрде зерттеледі. «Спутник V» де басқа вакциналар сияқты және «Kaz-Covid-in» де репродуктивті функцияға әсер етпейді. Егер біздің қазақстандық вакцина туралы бөлек айтатын болсақ, оның технологиясы 80 жылдан астам уақыт бойы қолданылып келеді. Осылайша тұмауға, полиомиелитке, кене энцефалитіне қарсы вакциналар әзірленді. Олардың жыныстық бездер функциясына ықтимал әсері баяғыда зерттеліп қойған. Олар бедеулікке апармайды», – деді сарапшы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар