Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде «Серпін» Ұлттық білім және инновациялар палатасының президенті Мұрат Әбеновтың қатысуымен «Серпінге жаңа серпіліс» атты тақырыпта кездесу өтті.
Карантин режиміне байланысты кездесуге санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, университеттің 1 курс студенттері ғана қатысты. Шара барысында «Серпін» бағдарламасы жайлы айтылып, пікір алмасылды, студенттер қоғам қайраткеріне «Серпін бағдарламасы бойынша мамандықтар тізімі кеңейтіле ме?», «Оқу бітіргеннен кейін осы аймақта жұмысқа қалу міндетті ме?», «Бағдарлама түлектеріне мемлекет баспаналы болуға көмектесе ме?» деген сияқты толғандырған сауалдарын қойды. Алдағы уақытта «Серпін» Ұлттық білім және инновациялар палатасы мұндай кездесуді республикамыздың «Серпін-2050» бағдарламасының қатысушылары білім алып жатқан басқа да жоғары оқу орындарында өткізуді жоспарлап отыр.
Айта кетейік, «Серпін-2050» жобасы индустриялық-инновациялық жобалар үшін мамандар даярлауға, жастарды кәсіптік бағдарлауға, экономикалық белсенділікті дамытуға және ішкі еңбек көші-қонына бағытталған. Бүгінгі таңда Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша педагогикалық, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Алматы облыстарынан келген 1342 студент білім алуда. 2017 жылы бағдарлама бо-
йынша 323 жас оқуға түссе, 2021 жылы оқу орнына 300-ден астам түлек келеді деп жос-
парланып отыр. Жоба жүзе асырылған үш жыл ішінде Көкшетау университетінде 714 түлек диплом алып, 528-і жұмысқа орналас-
тырылды. Ал, 195 түлек өз өңірлеріне оралды. Бағдарлама түлектері облысымыздың білім беру мекемелерінде, құрылыс ұйымдарында, «Тыныс», «Қазақстандық Агро Инновациялық Корпорация», «Асыл арман» секілді кәсіпорындарда еңбек етеді.
Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.