Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жеткен жетістіктер қуантады - АРҚА АЖАРЫ

Жеткен жетістіктер қуантады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген мақаласын өте ауқымды сараптамадан өткен құжат деп ойлаймын.

Мақаланы оқып отырып, еліміздің өткені және келешегі көз алдыңа келеді. «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы жетістіктерімізге қуанып, кемшіліктерімізді қайта қарауға, болашақты межелеуге бағдар береді. Президент мақаласының алғашқы бөлімі «Бағдар мен белес» деп аталып, Елбасының басшылығымен Қазақстанның іргетасы қаланғанын зерделеп жеткізген. Яғни, алғашқы онжылдық – мемлекетіміздің нысандары белгіленді, ұлттық валюта енді, Қарулы Күштер құрылды, шетелдік дипломатиялық қатынас орнады, «Қазақстан — 2030» Стратегиясы қабылданды, елорда Арқа төсіне көшті, жастарға мүмкіндіктер берілді, шетте жүрген қандастар ата жұртқа шақырылды, рухымыз көтерілді.
Екінші онжылдық – еліміздің керегесі кеңейді. Экономикамыз өсті, шекарамыз айқындалды, тарихымыз түгенделді, ынтымақ, сенім сияқты маңызды халықаралық жобалар орындалды, инфрақұрылым қолға алынып, үй құрылысы да қарқынмен дамыды.
Үшінші онжылдық – өркендеу, даму жолы. «Қазақстан — 2050» Стратегиясы қабылданды, озық 30 елдің қатарына қосылу межеленді. «Нұрлы жол», «100 нақты қадам» бағдарламалары жүзеге асырылды. Төртінші онжылдық – қуатты ел және кемел ел болу. Саяси-экономикалық реформалар
жалғасты, сананы жаңғырту қалыптасты.
«Таным мен тағылым» деп аталатын мақаланың екінші бөлімінде егемендік ұғымы жастардың санасына берік орныққаны айтылған. «Мәдени мұра» бағдарламасы басымдық алды. Өз құндылығымызды бағалай білу үшін құзырлы органдарға тарихи тақырыптарды жандандыруды тапсырды. «Жау жүрек мың бала», «Алмас қылыш», «Томирис», «Кейкі батыр» сияқты тарихи туындыларды кеңейтуді айта келе, шежіремізге мән беру керектігін ұқтырды. 1921-1922 жылдардағы ашаршылықты еске түсірді. Содан бері бір ғасыр өтсе де, нақты ақпарат жоқ. Сол үшін Мемлекет басшысы мәліметтерді толық жинап, мұқият зерделеуді тапсырды. Сондай-ақ, биыл Желтоқсан оқиғасына 35 жыл толды. Желтоқсан қаһармандарының да ерлігін бағалап, насихаттау көзделуде.
«Қоғам мен құндылық» бөлімінде байтақ жеріміз, қастерлі тіліміз және береке-бірлігіміз жазылған. Алтайдан Атырауға, Алатаудан Арқаға дейін кең көсілген жеріміз – ең басты байлығымыз. Осыны әр азаматымыз санасына берік сіңіруі қажет.
«Мемлекеттік тілді білу – әрбір Қазақстан азаматының парызы. Жастар ағылшын тілін немесе басқа тілдерді аз ғана уақытта меңгере алатынын көріп отырмыз. Тұтас буын алмасқан осы жылдарда қазақ тілін үйренгісі келген адам оны әлдеқашан біліп шығар еді. Ең бастысы ынта» деп нақтылап айтты Президентіміз. Халқымызды біріктіретін ортақ құндылықтарды дәріптеу керектігі, мысалы, Наурыз мейрамын атап өтудің тұжырымдамасын байыту да осы маңызды құжатта айтылды.
Мақаладағы соңғы бөлім «Ұлағат пен Ұстаным» деп аталып, қоғамдық сенімді арттыру және саяси реформаларды жалғастыру көзделген. Шынымен де, Президентіміз айтқандай, білім мен біліктің дәуірі ел дамуының басты қозғаушы күші болуға тиіс. Дарынды жастарды еліміздің болашағына дайындау керек. Олар – тың идеялардың қайнар көзі, оң өзгерістердің қозғаушы күші.
Мемлекет басшысының мақаласын оқып отырып, ауданымызда болып жатқан оң өзгерістер де көз алдымнан өтті. Егіндікөл ауданына былтыр 50 жыл толды. Осы жылдардың ішінде, әсіресе, Тәуелсіздік жылдарындағы өзгерістер сөз жоқ қуантады.
Атап айтсам, аудан өз атауын Егіндікөл деп өзгертті. «Елге ел қосылса, құт» деген, Моңғолия, Өзбекстан, Ресей, Қарақалпақстан республикаларынан бір кезде шетке кеткен қандастарымыз оралды. Олар тұрғын үй, жұмыспен қамтамасыз етілді. Оның тікелей куәгері өзіммін. 2003 жылы Қарақалпақстан Республикасының астанасы Нөкіс қаласынан көшіп келіп, Егіндікөл ауданында мемлекеттік қызметке орналастым, 2018 жылдан бері аудан әкімінің орынбасары қызметін атқарып келемін. Ауданымызда 18 ұлттың өкілдері бірлік пен ынтымақтастықта өмір сүріп келеді. Өзге ұлт өкілдеріне мемлекет тілді үйретуге жағдай жасалған. Әр түрлі мәдени, саяси, спорттық іс-шаралар өтеді. Халықпен бірге болу және елдің әл-ауқатын жақсарту үшін мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асырып келеміз.
Аудандық ауруханаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Медициналық пункттер, мектептер, балабақша ағымдағы жөндеуден өтті. Жастарды жұмысқа шақырып, тұрғын үй мәселесі реттелді. Ауданда «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 2019 жылы 8 пәтерлі тұрғын үй салынса, биыл 32 пәтерлі тұрғын үй салу жоспарлануда. Ауданымызға жұмысқа келген жас мамандар үшін жатақханалар бөлінді.
Пандемия жағдайында «Жұмыспен қамту» жол картасы арқылы инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылды және 200-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылды. Жастар үшін жаңа спорт алаңдары бой көтерді. Алда да ауданда ауқымды істер жоспарлануда.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының арқасында қамқорлық, патриоттық сезім, сана да нығая түсті. Ауданда жыл сайын осы мақсатта «Ауыл күні» өтіп, ауылдың инфрақұрылымдары жақсарып келеді. Осы жетістіктер тәуелсіздікпен жетті. Бәрі еңбек, сана, ой, ақыл, білім мен ынтымақ-бірліктің нәтижесі. Алда да лайым солай болғай!
Алтыншаш КӨПЖЕТЕРОВА,
Егіндікөл ауданы әкімінің
орынбасары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар