Азаматтардың конституциялық құқын қорғау – маңызды

Ақмола облысының прокуратурасы қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау мәселесі бойынша кеңес өткізді.

Кеңеске облыс соттарының судьялары, полиция қызметкерлері, ұлттық қауіпсіздік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және экономикалық тергеу органдарының өкілдері қатысты. Отырысты ашқан облыс прокуроры Айдос Майлыбаев азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мәселесінің маңыздылығын атап өтті. Құқық қорғау қызметіндегі заңдылықты қатаң сақтау және әділ сот төрелігін жүзеге асыру арқылы ғана халықтың сеніміне ие болуға болады.
Кеңесте алдын ала тергеу кезінде 36 азаматтың конституциялық құқықтарының бұзылу себептері талқыланды. Прокуратура қызметкерлерінің араласуымен сотта 12 адамды ақтауға және 5 адамға қатысты істерді ақтайтын негіздер бо-
йынша тоқтатуына негіз болған тетіктер әзірленді. Кеңес барысында азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мәселесі қашанда маңызды болып қала беретіндігі атап өтілді.
Кеңес қорытындысы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулерді тіркеу, дәлелдемелерді бекіту және процестік мәжбүрлеу шараларын қолдану кезінде құқық қорғау органдары үшін нақты ұсынымдар жасалды. Ортақ мақсат бойынша бірлесе жұмыс істеуге мүмкіндік жасайтын мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақшы.
Қ.КЕЛДІҒҰЛҰЛЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар