Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Игі бастама қолдау тапты - АРҚА АЖАРЫ

Игі бастама қолдау тапты

2021 жылдың 3 ақпан күні Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада алғашқы «Парасат жолы» орталығы ашылған болатын. Ұлттық кітапханада өткен бұл шараға Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев пен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Ақтоқты Райымқұлова қатысып, өзара меморандумға қол қойған еді.

Ұлттық кітапханадағы «Парасат жолы» орталығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Жазира Жылқышиеваның идеясымен жүзеге асқан-ды. Бұл игі бас-тама республиканың барлық облыстық кітапханалары мен өзге кітапханаларында жұмыс істей бастаса, қоғам үшін аса маңызды болмақшы.
Соның бір мысалындай, Көкшетаудағы Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық кітапханасында «Парасат жолы» өңірлік орталығы және облыстың 330 кітапханасында осындай парасат орталықтары ашылды.
Облыстық кітапханадағы «Парасат жолы» өңірлік орталығының ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақмола облыстық департаментінің басшысы Мұрат Ақтанов, осы департамент басшысының бірінші орынбасары Арман Бердалин, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Департамент басшысы Мұрат Ақтанов қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзгісіз жағдай қалыптастыру және жастардың бойына жат әдетке қарсы тұра алатындай мәдениеттілік пен парасаттылық қасиеттерді сіңірудің маңыздылығын атап көрсетсе, Арман Бердалин бұл істе әдебиет пен мәдениет саласының өкілдері зор үлес қоса алатындықтарын алға тартты.
Шара барысында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі жанындағы ақпараттық-ағарту штабының мүшесі Жабал Ерғалиев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұл, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің әдебиетші-ғалымы Аманжол Есмағұлов, облыстық мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова, облыстық кітапхана директоры Талғат Ыбыраев, әдебиет және өнер музейінің директоры Нұрбек Нұралин сөз сөйлеп, қоғамның қауіпті дертіне қарсы күрестегі зиялы қауымның маңызды рөл атқаратынын атап көрсетті.
Кітапханаларда ашылып отырған «Парасат жолы» орталықтарының биылғы жылы атқаратын іс-шараларының жоспары талқыланып, бекітілді.
Жемқорлыққа қарсы күреске бүкіл халық болып жұмылатын кез келді. Бұл орайда, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 20 мамыр күні өз төрағалығымен өткізген жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі жиында жемқорлықтың дендеп кеткеніне алаңдаушылық білдіріп, оның қоғам үшін қауіпті дерт екеніне тағы бір назар аударған болатын. Жыл сайын Қазақстанда орташа есеппен 2 мыңнан астам жемқорлыққа қатысты қылмыстық іс тіркеледі. Мыңнан аса адам жауапқа тартылады. Бұл – батпандап кіріп, мысқылдап шығатын кесел. Осы ауруды қазір шұғыл түрде емдемесек, ертең кеш болуы мүмкін, – дей келіп, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорлықтың тамырына балта шаппаса, ұлттық қауіпсіздік пен мемлекеттің болашағына нұқсан келтіретінін айтып, бұл дертпен бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып күресуге шақырды.
Қазақстандық қоғам парасат жолы арқылы күреске шықпайынша, расында, жемқорлық дендей береді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суреттерді түсірген
Советбек МАҒЗҰМОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар