Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстан – бауыр басқан өз елім - АРҚА АЖАРЫ

Қазақстан – бауыр басқан өз елім

Сталиндік қуғын-сүргін заманында Қазақстанға жер аударылған ұлт өкілдері көп болды. Олардың өмірлері осымен тозаққа айналғандай көрінді, алайда, қазақ халқы барлығын жылы қабылдап, барын беріп, өз қамқорлықтарына алды. Қазақ әжелері ашаршылық жылдары күн сайын маған құрт пен ірімшік бергендері әлі есімде.

Бұл халық біздің аман қалуымызға көп көмегін тигізді, сондықтан, мен олардың бізге көрсеткен адамгершіліктері, мейірімділіктері мен бауырмалдығы, ілтипаттылығы үшін ризамын. Мен Қазақстанда туып-өстім, менің еңбек жолым да осында өтті. Қазіргі уақытта мен үш баланың ардақты анасымын және 9 немеренің аяулы әжесімін. Біздің үлкен жанұямызда татарлар, қазақтар, поляктар, украиндықтар, орыстар, мордвиндер мен немістер бар. Олардың барлығы Қазақстан атты бір шаңырақ астында өмір сүріп, елімізге өз үлестерін қосып жатыр. Мені Германияда, Ресейде тұратын туыстарым өздеріне шақырып жатады, бірақ, мен осы елде тамырымды терең жайып сіңіп кеттім. Мен бұл елді жақсы көремін және көк туды желбіреткен спортшыларымыздың жетістіктеріне, еңбек адамдарының жеткен әрбір табысына қуанып отырамын.
Бұл жерде мен өзімді жайлы сезінемін, себебі, барлық қиындықтарды және тәуелсіз еліміздің қалыптасуын қазақстандықтармен бірге көріп, бастан кештім. Мен көп ұлтты ынтымағы жарасқан елде тұрғаныма қатты қуанамын.
Менің Отаным – Қазақстан. Оның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев айтқандай, біз бір ел – бір халықпыз. Бұл жай ғана айтылған сөз емес, болашаққа деген сенімділіктің белгісі. Алғыс айту күнінде мен Қазақстанның барлық халқына зор денсаулық, бейбіт өмір мен татулық тілеймін. Еліміз гүлдене берсін!
ЛюдмилаХАВРУШИНА,
«Видергебурт» Ақмола облыстық неміс қоғамы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар