Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тұрмыстық қалдықтарды жинау және өңдеу мәселесі әлі де өзекті - АРҚА АЖАРЫ

Тұрмыстық қалдықтарды жинау және өңдеу мәселесі әлі де өзекті

Көкшетауда «Nur Otan» партиясы Ақмола өңірлік филиа-лы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің бірлескен отырысы өтті. Оның қорытындысына сай Ақмола облысындағы экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған міндеттерді орындау бойынша Жол картасын қайта қарау және өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды.

Отырыста Ақмола облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Руслан Әубәкіров өңірде экологиялық жағдайды оңалту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Оның айтуынша, Жол картасы аясында Аршалы ауданында «SIO Consulting» серіктестігінің жеке инвестициялары есебінен жылдық қуатты 30 мың тонна қоқыс өңдейтін өндірістік кешен салу жоспарлануда. Өңірдің бірқатар қалалары мен кенттерінде қайталама шикізатты қабылдаудың 15 қосымша пунктін ашу, Аршалы, Астрахан аудандары мен Көкшетауда гидротехникалық құрылыстарға жөндеу жүргізу және Астрахан ауданы мен облыс орталығында жағалауды нығайту және арнаны кеңейту жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.
Ақмола өңірінде қатты тұрмыстық қалдықтар төгетін заңдастырылған полигондардың жоқтығы және тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау және сұрыптау бойынша дамыған инфрақұрылымның болмауы үлкен мәселеге айналып отыр. Көкшетау қаласында қалдықтарды бөлек жинау жүйесін енгізу көптеген сұрақтар туғызады. Жоба 2016 жылдың қыркүйегінде басталды, Көкшетау әкімдігінің қолдауымен «LS Kokshetau» серіктестігінің кәсіпорны қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинауды енгізу бойынша жұмысты бастады. Бөлек жинау үшін 15 контейнер орнатылып, облыс орталығының барлық шағын аудандарында қайта шикізатты қабылдайтын 9 пункт ұйымдастырылды. «Көкше Тазалық» серіктестігі қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу сұрыптау желісін орнатты, қалдықтарды орналас-тыру үшін алаң дайындалды. Қоқысты бөлек жинауға арналған 36 контейнер орнатылды.
Отырыста «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов осы бағыттағы алдағы бес жылға арналған жос-
парлар туралы мәселені көтерді. Белгілі болғанындай, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы техникалық экономикалық негіздеме, жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеуге, құжаттаманы ресімдеуге, полигондар салуға, сондай-ақ, қауіпті қалдықтарды жинауға ғана жауап береді. Бұл бағыттағы Жол картасын энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы мен аудан әкімдіктері пысықтады.
– Болған жағдай туралы мен облыс әкіміне баяндаймын және Жол картасын сәйкестікке келтіруіне қол жеткіземін. Бұл жерде жеке жауапкершілік болуы тиіс, – деп атап өтті Ғалым Бекмағамбетов.
Жол картасы аясында өңірде Щучинск, Ақкөл, Аршалы, Қорғалжын, Қосшы Қоянды, Зерендіде қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу желілері бар жеті қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу жоспарлануда. Әзірге Ақмола өңірінде қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарымен қамтылу біркелкі емес. Мысалы, Жақсы ауданында – жеті полигон. Ал, Зеренді және Бурабай аудандарында бірде-бір полигон жоқ. Щучинск полигоны жабылды, өйткені, ол жер асты көздерінің орнында орналасқан. Алайда, жергілікті тұрғындар қоқысты әдеттегі орнына тастауды жалғастыруда.
– Ақмола облысында қатты тұрмыстық қалдықтар төгетін 130 полигон бар болса, оның 23-інің ғана рұқсат құжаттары бар. Осылайша экологиялық талаптар мен санитарлық ережелерге сәйкес келетін қатты тұрмыстық қалдықтарды орналас-тыру объектілерінің үлесі 17,6 пайызды құрайды, – деп түсіндірді Ақмола облысы бойынша экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Ержан Ахметов өз сөзінде.
Заңдастырылған полигон болмағандықтан, рұқсат етілмеген қоқыс орындары пайда болуда. 2020 жылы Ақмола облысында ғарыштық мониторинг бойынша осындай 1593 қоқыс орны анықталды, кейін олардың 910-ы жойылды.
– Аудан орталықтарында қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған жеті полигон салумен бірге, барлық елді мекендерде қалдықтарды уақытша сақтау алаңдарын ұйымдастыру, қайталама шикізатты сатып алу пункттерін орнату қажет, – деп атап өтті Ержан Ахметов.
Отырыста бұдан басқа, қоқыс жиналған жағдайда оны шығару тетігін пысықтау қажеттілігі айтылды. Облыс аумағында 2020 жылы 243 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықтар жинақталғаны анықталды. Бұл ретте қайта
өңдеудің үлесі бар болғаны 15 пайызды құрап отыр.

Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар