ҚҰРМЕТТІ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ, БАҚ ӨКІЛДЕРІ!
2021 жылғы 4-5 наурызда «2021 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайларды (бұдан әрі — ТЖ) жоюға бағытталған іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбында Ақмола облысында «Көктем-2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі.
Оқу-жаттығу азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің және халықтың көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайларды жоюға дайындығы мен қабілетін арттыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құрылымдарының көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайларға дайындығын тексеру мақсатында өткізіледі.
Оқу-жаттығуды басқару штабы Көкшетау қаласында Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығында орналасқан, мекенжайы: Көкшетау қаласы, Әуелбеков көшесі 87, Ақмола облысы ТЖ департаменті.
Байланыс телефоны: 8 (7162) 55-14-84.
Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаменті.