Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қасым-Жомарт Тоқаев Стэнфорд университетінің профессоры Фрэнсис Фукуямамен кездесу өткізді - АРҚА АЖАРЫ

Қасым-Жомарт Тоқаев Стэнфорд университетінің профессоры Фрэнсис Фукуямамен кездесу өткізді

Мемлекет басшысы халықаралық қатынастар саласындағы белгілі америкалық сарапшы, Стэнфорд университетінің профессоры Фрэнсис Фукуямамен бейне байланыс арқылы кездесу өткізді.

Тараптар әлемдік дамудың заманауи үрдістерін және коронавирустан кейінгі кезеңде геосаясат тәртібін жаңғыртудың келешегін талқылады.

Сондай-ақ COVID-19 пандемиясынан жинақталған тәжірибені ескере отырып, әлемдік экономиканың технологиялық тәртібін өзгертудің негізгі факторлары және халықаралық байланыстардың өзгеруін өзектендіру мәселелері талқыланды.

Президент америкалық ғалымға Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар, еліміздің сыртқы саясаттағы негізгі басымдықтары, соның ішінде, Орталық Азия аймағына қатысты ұстанымдары туралы айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев әңгімелесу соңында  эпидемиологиялық жағдай жақсарғаннан кейін Фрэнсис Фукуяманы Қазақстанға келуге шақырды. Профессор өз кезегінде Мемлекет басшысына кездесу үшін алғыс білдіріп, болашақта халықаралық саясаттың өзекті мәселелері бойынша өзара табысты ынтымақтастық орнататынына сенім білдірді.

***

Анықтама: Фрэнсис Фукуяма – политологияның құрметті профессоры, Мосбахер институтының Демократия, даму және құқық үстемдігі мәселелері орталығының директоры, Стэнфорд университетінің Ф.Спольи атындағы Халықаралық зерттеулер институтының аға ғылыми қызметкері. Бірқатар іргелі зерттеу жұмыстары топтамасының және әлемнің жетекші басылымдарында жарияланған ғылыми мақалалардың авторы. Сондай-ақ беделді Foreign Policy журналы оны бірнеше рет Әлемнің үздік 100 ойшылының тізіміне енгізген.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар