Баға, қайда барасың?!.

Адамның тіршілігі үшін ең қажетті тауар – азық-түлік екені белгілі. «Ас – адамның арқауы» демекші, адам қажеттілігіне қарай дүкеннен күнделікті қажетін алмай қоймады. Сондағы халықтың көргені бағаның күн санап өсуі.

Қазіргі кезде сүт, нан өнімдерінің түр-түрі мол. Адамның да азыққа деген сұранысы азайған емес. Қалтасындағы көк тиынын берсе де, бала-шағасына керегін алмай қоймайды. Ал, баға болса, «секіруін» қояр емес. Жалақы, зейнетақы қосылса болғаны, бағаның үстіне баға қосылады. Ал, қарапайым жұртшылықтың бәріне жалақы қосыла бермейтіні тағы анық емес пе? «Үкімет не себептен осыны ескермейді екен?» деп ойға қаласың.
Мысалы, күнделікті қажетті азық-түлік түріне жататын 1 литр сұйық майдың бағасы жуырда 450-480 теңге, ал, жұмыртқаның 10 данасының бағасы 330-370 теңге болса, ол бүгінгі күні тиісінше 710 теңге және 440-470 теңгеге дейін өскен. Мереке күндері бағамыз тіпті «еркелеп», баға үстіне тағы баға қосылады. Бүйте берсе, еліміз қалайша дамыған елу елдің қатарына кірмекші?! Халықтың хал-ахуалы жақсармай, басқа да жағынан дамып, жетілуіміз екіталай екені түсінікті.
Сондықтан да, халқымыздың бүйірі бүтін, дені сау, еліміз тыныш болуы үшін ертеңгі күнге сеніміміз нық болуы шарт. Қазіргі бағаның «секіруіне» қарамастан, солай болады ғой деп әйтеуір, үмітпен жүріп жатырмыз.
Бибігүл СӘДУОВА,
Көкшетау қаласының тұрғыны.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар