Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жүрек қалауынан туған туындылар - АРҚА АЖАРЫ

Жүрек қалауынан туған туындылар

Облыс орталығындағы әдебиет және өнер музейінде Халықаралық әйелдер күні қарсаңында өңірімізге танымал суретші Наталья Лосеваның «Под музыку моей души» атты жеке шығармашылық көрмесі өтуде.

Суретшінің шығармашылығын халық назарына ұсынып, насихаттау өнер адамының еңбек жолын жас буынға үлгі ету, жастарды көркемсуретке қызықтыру, көпшілікті көркемөнерге, шығармашылыққа баулу, музей ісінің алға басып, оның танымалдығының артуына ықпал ету мақсатында ұйымдастырылған. Көрменің ашылу салтанатына облыстық мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасының өкілдері, зиялы қауым, жоғары оқу орындарының ұстаздары, суретшілер мен өнер қайраткерлері қатысты.
Суретші Наталья Александровна Лосева Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Тумысынан бойында бар сезімталдығы мен ерекше қабілеттері оны шығармашылыққа, көркемсуретке жетеледі. Туған ауылы Лобановтағы мектепте оқып жүрген кезінен-ақ қолөнерге, сурет салуға жаны құмар еді. 1996 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығына оқуға түсіп, суретшілік қабілетін жетілдіре түскен. 2000 жылы оқуын үздік тәмамдағаннан кейін Наталья Александровна шығармашылық ізденісін әрі қарай жалғастырып, бейнелеу өнері және сәндік-қолданбалы өнер түрлерімен шұғылданады. Сурет салу, кесте тігу, кілем тоқу, құрақ көрпе құрау секілді қолөнер түрлерін меңгерген Наталья үздіксіз шығармашылық ізденісте жүреді. Ол өз шеберлігін интерьер дизайнері ретінде де танытып үлгерген. Қазіргі таңда ол қызықты интерьерлік шешімдерін іске асырып, перде, ламбрекен сияқты үй дизайнінде де ерекше орын алатын заттарды тігумен айналысуда. 2014-2016 жылдары Наталья Лосева Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған қайырымдылық көрмелеріне қатысқан, 2015 жылы Натальяның көркем туындылары Алматы қаласында өткен «FourЭ» фестивалі көрмелерінен орын алған болатын.
Наталья Александровна өзінің бағындырған биігінде қалып қоймай, үнемі қазіргі заманғы жаңашылдықтарға сәйкес сұраныстарды қамту үшін шығармашылық ізденісте жүреді. 2017 жылдан бастап ол заманауи түйсіктік бейнелеу өнері бағытында майлы бояумен сурет салуға көшті. Мұндайда шабытты табиғаттың сұлулығынан, айналасындағы әсемдік пен көркем дүниелерден алады. Оның бояуы қанық гүлді композициялары, пейзаждары, модульді картиналары мәнерлі әрі көркем, үлкен сезімталдықпен таңдалған ғажайып түстердің симфониясына толы.
Натальяның барлық туындылары өзінің жаңашылдығымен, орындалу шеберлігімен ерекшеленеді. Бүгінде олар еліміздің түкпір-түкпіріндегі өнерсүйер қауымның жеке коллекцияларында орын алып отыр.
Ырысалды ШАМШИЕВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суреттерде: Наталья Лосева; суретшінің көрмеге қойылған туындыларының бірі.

Суреттерді түсірген Советбек МАҒЗҰМОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар