Кішкентай ханшайым

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Көкшетаудағы «Достар» мәдениет сарайы қаладағы балабақша тәрбиеленушілері арасында «Кішкентай ханшайым-2021» онлайн байқауын ұйымдастырған болатын.

Жас таланттарды анықтау, балаларды өнерге баулу,  отансүйгіштікті насихаттау мақсатында өткен байқауға облыс орталығындағы 20-дан астам мектепке дейінгі мекеме қатысты.  Осы байқауда Көкшетау қаласының білім бөлімі жанындағы «Шұғыла» мектепке дейінгі шағын орталығының тәрбиеленушісі Зейнеп Ғалихайнар белсене қатысқаны үшін дипломмен марапатталды.

Байқаудың «Таныстыру» деп аталатын бірінші кезеңінде кішкентай арулар өздері жайлы мағлұмат берсе, екінші кезеңде өнерлерін ортаға салды. Ал, үшінші кезеңде тәуелсіздік тақырыбына дефиле көрсетті. Осы ретте «Шұғалы» шағын орталығы «Алма» тобының тәрбиешілері Камета Дәулетова мен Айтолқын Әбілованың дефилеге өз қолдарымен сәнді киім тігіп, баланы байқауға жақсы дайындағанын атап өту керек.

–Барлық қатысушылардың байқауға үлкен жауапкершілікпен, жақсы дайындықпен келгенін атап өткім келеді. Бүлдіршіндерді байқауға дайындаған балабақша тәрбиешілеріне, ата-аналарына алғысымызды айтамыз. Барлық бала жақсы деңгейде өнер көрсетті, – деген қазылар алқасының мүшесі, облыстық халық шығармашылық орталығының маманы Азамат Темірғалиевтың айтуынша, байқауда барлық балабақшалар белсенділік танытқан. Әсіресе, шағын орталықтардың да көштен қалмай, бүлдіршіндерді көпшілік шараларға қатыстырып  жатқаны қуантады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар