Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Коронавирус киімде үш күнге дейін сақталады - АРҚА АЖАРЫ

Коронавирус киімде үш күнге дейін сақталады

Ғалымдардың пікірінше, коронавирус киімдерде үш күнге дейін сақталады, оның ішінде полиэстерден жасалған киімдерде вирус ұзақ уақыт өмір сүреді деп жазады Neonomad.kz ақпарат агенттігі.

Лестер қаласындағы Де Монфор университеті ғалымдары коронавирустың үш матада, полиэстер, поликоттон және мақтада қанша өмір сүретінін зерттеп көрген. Сонымен, полиэстер вирустың 72 сағатқа дейін өмір сүруіне мүмкіндік береді екен. Ал, 100 пайыз мақтада 24 сағат өмір сүреді.
Поликоттон маталар қоспаларының гибридінде алты сағат қана вирустар тірі болатындығы белгілі болды.
– Пандемия алғаш басталған кезде коронавирустың киімде қанша уақыт өмір сүре алатындығы жайында мәліметтер аз. Біздің зерттеу нәтижелеріміз тоқыма өнеркәсібінде жиі қолданылатын үш мата вирустың таралу қаупін тудыратынын көрсетті, – дейді ғалымдар тобының жетекшісі Доктор Лэрд.
Зерттеу қорытындысы бойынша кәдімгі кір жуғыш машиналар бүкіл вирусты жоя алмайтындығы белгілі болды. Тек детергенттер мен судың температурасы кем дегенде 67°C болған кезде ғана вирус әрекетінің толығымен жойылатындығы белгілі болды.
Ғалымдар тұрмыстық кір жуғыш машиналарында жоғары температурада киімдерді жуу вирусты жояды, бірақ бұл адамдардың киімдері жуғанға дейін үйде немесе автокөліктер мен басқа жерлерде коронавирустың бөлшектерін қалдыру қаупін жоймайтындығын ескертеді.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар