Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысында республикалық маңызы бар барлық автожол ақылы болады - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысында республикалық маңызы бар барлық автожол ақылы болады

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат — «ҚазАвтоЖол» ҰК« АҚ Ақмола облысында өткен қоғамдық тыңдауда өңірдегі автожолдар қашан ақылы болатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ақмола өңірі арқылы республикалық маңызы бар 4 автомобиль жолы өтеді. Олардың екеуі – Нұр-Сұлтан-Щучинск және Нұр-Сұлтан-Қарағанды учаскесі бұрыннан ақылы.
Биыл Ақмола облысындағы қалған 2 трассада – Нұр-Сұлтан-Павлодар және Нұр-Сұлтан-Қостанай учаскесінде ақы алудың ашық жүйесі енгізілетін болады. Елордадан еліміздің шығысына қарай шығатын жүрдек жол төрт жолақты болса, М-36 жолының Қостанайға дейінгі жалғасы екі жолақты болып қала береді. Бұл – көлік қозғалысының қарқындылығына байланысты. Мемлекеттік стандарт бойынша көпжолақты тасжол тәулігіне 7 мыңнан астам автокөліктен асқан кезде ғана салынады, Қостанайға апаратын күре жолдағы көлік ілегі әзірше 5 мыңнан төмен.
Нұр-Сұлтан-Павлодар тасжолының ұзындығы – 396 км. Ақылы автожол учаскесі Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалалары мен Ерейментау ауданы арқылы өтеді. Мұнда 7 бақылау аркасы орнатылған. Жол 1 техникалық санатқа жататындықтан, ондағы рұқсат етілген қозғалыс жылдамдығы сағатына 140 км құрайды. Нұр-Сұлтан-Қостанай жолының ұзындығы – 650 км. Аталмыш ақылы учаскеде 9 арка орнатылып, олар осы көктемде тестілік режимде жұмыс істей бастайды. Айта кетсек, бұл жолда жеңіл автокөлік иелері жол жүру ақысын төлемейді, өйткені учаске 2 және 3 санаттағы жолдар.
Қоғамдық тыңдаулар барысында жергілікті тұрғындардан «Балама жолдар қарастырылған ба?» деген сұрақ жиі қойылды. «ҚазАвтоЖол» өкілдері: «Кейбір өңірлерде ақылы бағыттармен қатар тегін маршруттар бар, алайда Қазақстанда жаңа балама жолдар салынбайды. Себебі «Автомобиль жолдары туралы« заңда мұндай міндеттемелер қарастырылмаған», — деп атап өтті.
Басқа өңірлердегідей Ақмола облысының тұрғындары «ҚазАвтоЖол» ҰК« АҚ-ға ақылы трассаларда жарық орнату, жол бойындағы қоршауларды жақсарту, жол үстіне тосқауылдарды орнату, сапалы қар ұстайтын және трассаларда қарды уақытылы тазалау туралы талаптарын қойды. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы техникасын, коммуналдық қызмет көліктерін және жергілікті кәсіпкерлерді жолақы төлеуден босату ұсынылды.
Тұрғындар тарапынан тың идеялар да айтылды: ақылы жол өтетін әрбір елді мекенде апаттық немесе қауіпті жағдайлар туралы ескерту үшін әр 20-30 км сайын электронды табло қою, жылы аялдамалар мен жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдерін орнату, ақылы учаскелерге қызмет көрсетуді бәсекелес ортаға беру, Семей ядролық полигонынан зардап шеккен азматтарды, көпбалалы аналарды төлем төлеуден босату.

Айта кетейік, 2021 жылы мемлекет 5,8 мың км жолда ақылы жол енгізуді жоспарлап отыр. Негізгі мақсат – қауіпсіздікті арттыру және республикалық автожолдарды күтіп-ұстауға арналған бюджет шығыстарын қысқарту.

https://www.inform.kz/kz/akmola-oblysynda-respublikalyk-manyzy-bar-barlyk-avtozhol-akyly-bolady_a3764260

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар