Мұқағали – мәңгілік ғұмыр

Көкшетау қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен  қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай №2 мектеп лицейінде қашықтықтан ZOOM платформасы арқылы «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр»  атты дөңгелек үстел отырысы өтті.

Шараның мақсаты қазақтың мұзбалақ  ақыны Мұқағали Мақатаевтың  өмірі мен шығармашылығынан   мағлұмат беру, өлеңдерін мәнерлеп оқу, ақын поэзиясының халық арасында  кең таралу сырын таныту болып табылады. Дөңгелек үстел жұмысына мектеп оқушылары мен мұғалімдер белсене қатысып, ақиық ақынның өмір жолдарынан мәліметтер жасады. «Жазылар естеліктер мен туралы»  деп ақын өзі болжап кеткендей,  ақын туралы естеліктер айтылды. Ақынның поэзиясынан  өлеңдер оқылып,  ақын өлеңдерінің сөздеріне жазылған әсем әндер орындалды.  «Жыр арнадым, ақынға» айдарында мектеп оқушылары ақынға арнаған жүректен шыққан өлең шумақтарын  оқыды.

 

Көкшетау қаласындағы №2 мектеп лицейінің

қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар