Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сәуірден бастап жасы 65-тен асқандар да вакцина алады - АРҚА АЖАРЫ

Сәуірден бастап жасы 65-тен асқандар да вакцина алады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрлігі сәуірде жасы 65-тен асқан азаматтарды вакциналауды бастауды жоспарлап отыр. Бұл туралы мемлекеттік бас санитар дәрігер Ерлан Қиясов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Сәуірде-ақ тәуекел тобындағы 65-тен асқан тұлғаларға вакцина еге бастаймыз. Вакцинаның өңірлерге жеткізілу қарқынына қарай вакцина алатын топтардың аясы кеңейетін болады», — деді Ерлан Қиясов. Оның айтуынша, егде жастағы қазақстандықтар вакциналаудың алғашқы кезеңінде де екпе алып үлгерген екен. Яғни, бастапқы кезеңге жатқызылған топтың ішінде жасы 70-тен асқан медицина қыметкерлері де болған. «Жасы 60-тан асқан көп адам екпе алды. Қазір олардың жағдайы қалыпты. Осыған қарап вакцина қолайлы екенін көруге болады», — бас санитар Ерлан Қиясов.

https://www.inform.kz/kz/sauirden-bastap-zhasy-65-ten-askandar-da-vakcina-alady_a3765680

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар