Сәуірден бастап жасы 65-тен асқандар да вакцина алады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрлігі сәуірде жасы 65-тен асқан азаматтарды вакциналауды бастауды жоспарлап отыр. Бұл туралы мемлекеттік бас санитар дәрігер Ерлан Қиясов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Сәуірде-ақ тәуекел тобындағы 65-тен асқан тұлғаларға вакцина еге бастаймыз. Вакцинаның өңірлерге жеткізілу қарқынына қарай вакцина алатын топтардың аясы кеңейетін болады», – деді Ерлан Қиясов. Оның айтуынша, егде жастағы қазақстандықтар вакциналаудың алғашқы кезеңінде де екпе алып үлгерген екен. Яғни, бастапқы кезеңге жатқызылған топтың ішінде жасы 70-тен асқан медицина қыметкерлері де болған. «Жасы 60-тан асқан көп адам екпе алды. Қазір олардың жағдайы қалыпты. Осыған қарап вакцина қолайлы екенін көруге болады», – бас санитар Ерлан Қиясов.

https://www.inform.kz/kz/sauirden-bastap-zhasy-65-ten-askandar-da-vakcina-alady_a3765680

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар