Шектеу шараларын жаппай жеңілдету КВИ жұқтыру жағдайларының өсуіне әкелді – Е. Қиясов

Оның айтуынша, соңғы аптада науқастар саны 12%-ға өскен. Қазақстан жасыл аймақтан сары аймаққа ауысты. Қызыл аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Батыс Қазақстан облысы орналасқан.

«Шектеу шараларын жаппай жеңілдету науқастар санының өсуіне әкелді, олардың басым бөлігі Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында тіркелді, бұл қалаларда эпидемиологиялық жағдайға байланысты жоғары қауіп аймағы бойынша шектеу шаралары енгізілді. Алматыда 2021 жылғы 20-24 наурыз аралығында қалааралық/облысаралық тұрақты автобустардың қозғалысы өзгерді; гипермаркеттер мен супермаркеттердің, қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмыс режимі қысқартылды; сенбі және жексенбі күндері СОО, СҮ, жабық базарлардың қызметі тоқтатылды. Қызметкерлердің 80% қашықтан жұмыс істеу режиміне ауыстырылды. Нұр-сұлтан қаласында сенбі және жексенбі күндері «Ashyq» пилоттық жобасына қатысушылардан басқа кинотеатрлар, кинорумдар, жабық бассейндер, сауналар, СПА-орталықтар, фитнес орталықтар, салондар қызметі тоқтатылды; қоғамдық көлік қозғалысы, СОО, СҮ, ойын-сауық мекемелерінің қызметі, жабық азық-түлік емес базарлар, азық-түлік емес тауарларды сату бойынша объектілер, жабық спорт объектілердің жұмысы тоқтатылды; қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмыс режимі сағат 22.00-ге дейін қысқартылды», – деді санитарлық дәрігер.

https://ortcom.kz/kk/novosti/1615979115

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар