Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола өңірінің тарихы тереңде - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола өңірінің тарихы тереңде

Өңірлік коммуникациялар қызметінде  Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің тарих ғылымдарының докторы, профессор Жамбыл Артықбаевтың қатысуымен «Ақмола облысының топонимикасы» тақырыбында брифинг болып өтті.

– Биылғы жылы Ақмола облысын түгелдей аралап, өңірдегі жер-су атауларының тарихына тереңірек бойлау мақсатында топонимикалық зерттеу жүргіздік. Жинаған мәліметтер, жүргізген зерттеулер Еуразия құрылығының ортасында орналасқан Сарыарқа ұсақ шоқылы аймағының тарихы көне дәуірлермен байланысты екенін, бұл ғажап өлке қазіргі өркениеттерге алтын бесік болғанын дәлелдейді. Неге осы қыруар материалдарды қазақ жерінің тарихына қызығушылығы бар көпшілік оқырманға, соның ішінде тарихшыларға, мәдениеттанушылар мен этнологтарға, тіл саясатын жүргізетін мамандарға ұсынбасқа деген ой келді, – деп бастады әңгімесін ғалым.

Жиында белгілі болғанындай, жүргізілген зерттеулер «Ақмола облысының жер-су атауларының құпиялары» атты тақырыпта жинақ болып басылып жарыққа шықты. Сонымен қатар, экспедиция негізінде киелі жер атауларының атласы жасалған.

– Бұл өте маңызды жоба. Өйткені, Сарыарқа деп аталатын киелі өлкенің негізгі бөлігін осы Ақмола облысы алып жатыр. Мұндағы атаулардың тарихы бірнеше мыңжылдықты қамтиды. Мысалы, «Мықтың көлі» деген жер бар. Оны қателесіп «Мықтыкөл» деп атап жүр. Мұндағы «мық» – қаланың атауы. Бұл қола дәуіренен қалған топоним. Барап топонимі де Еуразияның көп аймағында кездеседі. Ерте дәуірлерде барап деп ораман мен даланың ұштасқан аумағын атаған, – деді ғалым жиын барысында.

Брифингте жарыққа шыққан зерттеу еңбектердің электрондық нұсқасы жарыққа шығатыны айтылды.

Жиынға қатысқан журналистер мен тіл мамандары да орамды ойларын ортаға салып, өзара пікір алмасты.

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар